Көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесінде өлместің күнін кешіп жүрген көпбалалы ана арнамыздан көмек сұрады. Бұрын мұқтаждық дегенді білмеген отбасы, өлім аузында жатқан аналарының өмірін сақтап қалу үшін үйлерін сатып жіберіпті. Ал отбасының жалғыз асыраушысы болған отағасы құрылыс алаңында тоққа түсіп, жұмыс істеуге жарамсыз болып қалған. Жарымжан қызының жәрдемақысына күн көріп жүрген Бегдуалиевтер әулетінің жағдайымен тілшіміз танысып қайтты.
Подробнее...Новости
Ымдау арқылы қызмет көрсетеді
Қазір әлемде 72 млн-ға жуық саңырау өмір сүреді. Ыммен сөйлесудің 300-ден аса тілі бар екен. Жуырда халықаралық күнін атап өткен осы бір қамкөңіл жандар үшін елімізде де игілікті істер қолға алынуда. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында есту және сөйлеу қабілеті бұзылғандар үшін арнайы мамандар жұмыс істейді.
Подробнее...Қазақстан қоқысқа батып барады
Қазақстан қоқысқа батып барады. Мамандардың есебінше, ел аумағында шашылып жатқан қалдық 47 миллиард тоннадан асып кеткен. Бұдан былай белгіленбеген жерге қоқыс тастағандар қылмыстық жауапқа тартыла ма? Ол үшін төленетін айыппұлдың соммасы неше есеге өседі?
Подробнее...Ем алудың жаңа жолы
Жаңа форматтағы медициналық көмек қалай көрсетіледі? Елімізде міндетті сақтандыру жүйесіне көшуге пациенттерді ғана емес, дәрегерлерді де дайындап жатыр. Небары үш айдан кейін барлық ауруханалар, стационарларда жаңа жүйе қолданыла бастайды. Науқастар мен ақ халаттылар үшін не өзгереді?
Подробнее...Елорданың сол жағалауындағы тозған ауыл
Елорда іргесіндегі Шұбар ауылында жылдар бойы жарық көзі, ауыз су, жол мәселесі шешілмей келеді. Екі мың тұрғыны бар елдімекендегі мектеп әбден тозған. Соңғы екі жылдан бері үш ауысымдық жүйеге көшкен білім ордасына бала сыймайды. Салдарынан бірқатары қалаға қатынап оқуға мәжбүр. Бас қаланың маңында тұрса да қиындықтан көз ашпаған шұбарлықтар өмірін тілшіміз біліп қайтты.
Подробнее...Күз келгенде субұрқақ сыйлады
Семей қаласының әкімдікі әбден күз келгенде шаһар тұрғындарына ән айтып, би билейтін фонтан тарту етпек. Құрылымы күрделі субұрқақтың тестілеуі күні кеше облыс басшыларының қатысуымен өткен. Ала жаздай құрылысы бір бітпей қойған орталық саябақтың қызығын көре алмаған қалалықтар, шенеуніктердің мұндай «тосын сыйына» алақайлап қуана қоймағанға ұқсайды.
Подробнее...15-тегі жігіт екі балалы әкені пышақтап өлтірді
15 жастағы бозбала өзінен 9 жас үлкен жігітті пышақтап өлтірді. Алматыда болған жаппай төбелестің нәтижесі осы. Пышақ жарақатын алған тағы екі адам қазір ауруханада жатыр. Ал күдіктінің анасы ұлына жала жабылғанын айтып әлек. Мектеп оқушысын қылмысқа не итермелеген?
Подробнее...Көше тазалаушы компания қулық жасаған ба?
Шымкентте көше тазалаушы компания қазына қаржысын мақсатты пайдаланбаған. Мемлекеттік сатып алу байқауының жеңімпазы атанған серіктестік 270 адамның атына жалған құжат әзірлеп, оның орнына небәрі 8 жұмысшыны еңбекке тартыпты. Бұл прокурорлық тексеріс кезінде анықталды. Егер серіктістіктің былығы дәлелденсе, онда заң алдында жауап бермек. Алайда, бұл айыппен компания жетекшісі келіспей отыр. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс?
Подробнее...Өтемақы алмағандардың жанайқайы
Елорданың қақ ортасындағы гараж бірлестігінің бұрынғы қожайындарының мемлекет қажеттілігіне деп алынған мүліктеріне әлі күнге дейін өтемақы берілмепті. Өтемақы алмағаны былай тұрсын, олар осы уақытқа дейін астаң-кестеңі шыққан көлік тұрақтарына салық төлеумен әлек. Болашақта тұрғын үй, бала-бақша, мектеп бой көтереді деп жоспарланған жерде қазір қираған гараждар мен құрылысы тұралаған нысандар ғана қалған.
Подробнее...Ішіп-шегіп көлік айдайтындар көбейіп кетті
Республика бойынша жыл басынан бері 20 мыңға жуық азамат мас күйінде көлік жүргізген. Бұл құқық қорғау органдарына ұсталып, жауапкершілікке тартылғандары ғана. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент сияқты үлкен қалаларда патрульдік полицияның қызметі «Сергек» камераларына жүктелген. Бұл құрылғы айыппұлдың арқасында миллиардап бюджетке табыс әкелгенімен, ішіп алып не есірткі шегіп рөлге отырып есіретіндерді тыя ала ма?
Подробнее...






