0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Полицей қыз зорламақ болған

Тағы да қыз зорлау! Павлодарда білдей полиция майоры қыз зорламақ болған. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс жігіт оған көшенің қақ ортасында тиіскен. Тіпті қарсылық танытқан бойжеткеннің қолын қайырып, қорқытып, бопсалаған. Полицияға дереу арызданған жәбірленушіге ешқандай көмек те көрсетілмепті. Нәзік жанның арына қол сұқпақ болған тәртіп сақшысы жұмысынан қуылмаған. Бұған не себеп? Айыпты азамат жазадан құтылып кетуі мүмкін бе?

Подробнее...

Хромтаулықтар неге өре түрегелді?

Әкім менің құдам емес! Кешірмеймін! Хромтау қаласының тұрғындары қала әкіміне осылай деп шүйлікті. Мәселелерін айтып жүргендеріне екі жыл болған жұрт бұдан әрі шыдамаймыз деп шу шығарды. Халықты ашуландырған не жайт? Қала әкімі неге осы уақытқа дейін тұрғындардың жанайқайына құлақ аспаған?

Подробнее...

Мемлекет берген үй сапасыз болып шықты

Теміртауда мемлекеттік бағдарламамен баспана алған тұрғындардың қуанышы ұзаққа созылмады. Өйткені, су жаңа үйдің қабырғасы сөгіліп, жылу құбырлары істен шығып жатыр екен. Осылай деп шу шығарған тұрғындар, күз басталғанда жылусыз қаламыз ба қорқады. Ал отбасылардың жанайқайын естіген пәтер иелері кооперативі үйді жөндеуге асығар емес. Қит етсе тұрғындармен жиналыс өткізгіш кооперативтегілер жұрттың жағдайына неге бас қатырмайды?

Подробнее...

Электронды медициналық төлқұжаттың пайдасы

Елордалық дәрігерлер Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне өтуге ерекше қарқынмен кіріскен. Қаладағы ем-дом мекемелері цифрландыру нұсқасына жүйелі түрде өтуде. Мысалы, 85 мың азамат тіркеуде тұрған нөмірі 10-шы емхана жыл басынан бері толықтай қағазбыстылықтан құтылған. Электронды түрде жұмыс жүргізу жолы әрбір келушінің дәрігер алдында отыру уақытын үш есеге қысқартқан.

Подробнее...

Жолаушыға лық толы автобус аударылды

Шығыста жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Салонда отандастарымызбен бірге Моңғолия азаматтары да болған. Жапа шеккендердің ішінде балалар да бар. Оқиғаға қатысты автобусқа иелік еткен мекеме тексерілетін болды. Жарақат алғандардың жағдайы мен апатқа не себеп болғанын Олжас Сайлаубекұлы біліп көрді.

Подробнее...

Президент істі болған дәрігерлер мәселесіне араласты

Алматыдағы 4-ші қалалық аурухана дәрігерлеріне қатысты дау шиеленісіп барады. Шаһардың бас полицейі Серік Күдебаевтың ұлының өлімінен соң тергеуге алынған ақ халаттылардың туыстары бүгін Президенттен араша сұрады. Күрмеуі көбейген мәселенің ақ-қарасы неге анықталмай жатыр? Дәрігерлердің кінәсі не? Олардың қамауға алынуына не себеп?

Подробнее...

Бойжеткен екі жігіт зорлады деп арызданды

Арыма қол сұқты! Ақтөбеде 23 жастағы бойжеткен осылай деп полицияға арызданды. Күдікті жалғыз емес, жанында танысы болған. Бойжеткенді көліктеріне отырғызып алып, өзен жағасына барған. Сол жерде үстерінен патрульдік полиция түскен. Көліктен жүгіріп шыққан қыз өзін зорлағанын жайып салады. Алайда, айыпталып отырған жігіттің туыстары «інімізге жала жабылды» деп байбалам салып отыр.

Подробнее...

Өгей әкесі ұрған 2 жасар бала комада жатыр

Алматыда өгей әкесі көгала қойдай сабаған бала өлім аузында жатыр. Екі жасар бүлдіршіннің бас сүйегі сынып, миына зақым келіп, ішкі құрылысы түгел ісініп, денесінің сау тамтығы қалмаған. Кішкентай сәбидің бар айыбы — өкіл әкесіне теледидар көрсетпей, ызыңдап жылап, мазасын алыпты. Шешесінің үйінде жоғын пайдаланған қаскөй ішімдікке сылқия тойып, білгенін істеген. Есінен танғанша ұрған соң, өзі биіктен құлады деп ауруханаға жеткізген. …

Подробнее...

Соғым алдында ет қымбаттауда

Ет бағасы тағы өсті. Еліміз бойынша ең қымбат ет Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында сатылуда. Ең қызығы, халық ет өнімдерін тұтынуды азайтқанымен, оның бағасы күн санап қымбаттап бара жатыр. Ал нарықтағы бағаның мұндай шарықтауына фермерлер алыпсатарлар кәнілі дейді.

Подробнее...

Үшінші дүниежүзілік соғыс басталса не болады?

Қытай төңірегіндегі елдерге ешқандай зиянын тигізбейді. Дәл қазір Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан Еуразия елдері Парламенті төрағаларының 4-ші кеңесінде көрші елден келген делегат осындай пікір білдірді. 65 елдің депутаттары жиналған жиында Нұрсұлтан Назарбаев 3-ші дүниежүзілік соғыс туралы ерекше мәлімдеме жасады.

Подробнее...
X