0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Крыса қаптаған өзенге жұрт түсіп жүр

Шымкентте егеуқұйрық қаптап барады. Кеміргіштердің көбейіп кеткендігі соншалықты адамдар арасында емін-еркін жүруге дағдыланған. Тіпті, ел-жұрт жаппай шомылып жүрген Қошқар ата өзенінде еркін жүзіп жүр. Ал, жергілікті билік болса, бюджеттен қыруар қаражат қаралғанымен, жұмысты тиісті деңгейде атқарып жатырмыз дегеннен ары аса алмай отыр.

Подробнее...

Қазақстандықтар өздерін бақытты сезіне ме?

Финляндия мен Гондурас халқы бізден бақытты. Халықаралық ұйым сарапшылары жүргізген рейтинг осыны көрсетіпті. Ranking.kz порталында жарияланған бақытты елдер тізімін біз де шолып шықтық. Бақытты кім қалай түсінеді және өзін бақытты санайды ма деген сауалнама жүргізіп көрдік. Қарапайым тұрғындар, министр, депутаттар жауабы Олжас Сайлаубекұлының материалында.

Подробнее...

Байланыс жоқ ауыл тұрғындарының жанайқайы

Әкімдердің көзіне көрінбейтін, ұмыт қалған ауыл. Алматы облысы, Панфилов ауданындағы Бөрібай би деп аталатын елдімекеннің тұрғындары өздерін осылай атайды. «Өркениеттен тыс қалдық, біз тек сайлау кезінде ғана керекпіз» деп қынжылатын халық, әлі күнге дейін жолсыз, байланыссыз күн кешіп келеді. Жол мен байланыс болмағаннан кейін жедел жәрдем шақыртудың өзі бір әуре. Әйтпесе, бұл елдімекенде 500-дей адам тұрады. Ауылдың құрылғанына әне-міне 90 …

Подробнее...

Арыстағы жарылыстан 10 сапер жараланды

Арыс қаласы аумағындағы жарылыстан зардап шеккен 10 әскери қызметкердің үшеуі ауыр халде әскери госпиталде жатыр. Тағы біреуінің жағдайы орташа, ал, қалған алтауы тәуір көрінеді. Бұл туралы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді. Ведомства басшысының сөзінше, жарақат алғандардың барлығы келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген әскерилер екен.

Подробнее...

Баянауылдағы ұлттық парк алапат өртке оранды

https://youtu.be/5eSPN_jiQfI Павлодарда еліміздегі табиғаты ең көрікті жерлердің бірі- Баянауыл орманы отқа оранды. Қазірдің өзінде, тілсіз жау 93 гектар алқапты күлге айналдырған. Өрттің неден шыққанын мамандар анықтау үстінде. Кеше түскі сағат 1-лер шамасында Жасыбай ауылының маңында басталған дала өрті ауа-райының ыстық болуынан, қатты желден одан сайын күшейе түскен. Қазір аймақта 5-ші санатты өрт қауіпі жарияланған.

Подробнее...

300 млн теңге бөлінген жұмысқа көңілдері толмайды

Алматы облысындағы ауыл тұрғындары ауыз су тартып жатқан мердігер компанияның жұмысына қанағаттанбай, күйініп отыр. Үш айдан бері жердің бәрін қазғанымен, құбырлары тесіліп, кейбірі стандартқа сай тереңдікте орналаспаған дейді. Саз-балшықтан енді құтылдық дегенде, жерді лайлап, жақында төселген асфальттың бәрін бұзған. Жергілікті шенеуніктер де олқылықты жақсы біледі, тек тапсырысты аудандық әріптестері берген соң құзыры жүрмей жатыр екен.

Подробнее...

Жүрек дертіне шалдыққандарға көмек

Қазақстанда реабилитолог-дәрігерлер жетіспейді. Әсіресе, жүрек дертіне шалдығып, инсульт алғандар маман тапшылығының зардабын тартуда. Осы бір сырқатпен жыл сайын 40 мыңдай қазақстандық ауруханаға түседі. Соның бес мыңы алғашқы он күнде көз жұмады екен. Ал денсаулық сақтау саласына енгізілгелі жатқан жаңа жүйе осындай келеңсіз көрсеткішті азайтып, отандық медицинаға серпін береді.

Подробнее...

Жұлдыздар инстаграмдағы акканунттарын сатуда

Инста парақшамды 600 мың теңгеге сатамын. Бүгінде әлеуметтік желіде өз парақшасын аукционға қойып, бизнес жасап жатқандар жетерлік. Өнер жұлдыздарынан бөлек, медиа тұлғалар инста аккаунттарын белгілі бір деңгейге жеткен соң, кәсіпкерлерге сатып әлек. Тіпті, ғаламторда мұндай жарнамалардан көз сүрінеді. Ал IT мамандар мұндай аккаунттардың құрығына түспес бұрын, оны зерттеп, тексеріп алған дұрыс дейді. Өйткені ондағы жазушылардың жартысынан көбі «Бот» болуы мүмкін.

Подробнее...

Телефонның ар жағынан ақша ұрлауда

Тұрғындардың тірнектеп жиған теңгесін баяғыда әмияны мен қалтасынан ұрлайтын. Қазір телефонның ар жағында отырып-ақ, ақшаңызды үптеп кететіндердің тым көбейгенін ескерткіміз келеді. Жыл басынан бері елімізде 4000-нан аса отандасымыз, осындай алаяқтық оқиғадан опық жеген. Бұл өткен жылдан екі есе көп. Кімнен көреміз? Дүйім жұрттың жеке мәліметіне жауапты банктен бе? Әлде азаматтардың аңғалдығынан ба?

Подробнее...
X