Ұрлықпен келген мал бұйырмайды деуші еді. Елордадан тағы да 18 жылқының өлексесі табылды. Болжам бойынша, ұрылар көлікке тығындап, содан тұншығып қырылған малды, белгісіз біреулер қала іргесіндегі көлшікке тастап кеткен. Араларында бір-екеуін сойып алып, ет базарға өткізбек болған сияқты. Өйткені кейбіреуінің терісі сыпырылған, жіліктеген. Ал, осыдан төрт күн бұрын ғана қала шетінен табылған тағы 28 жылқының Ерейментау ауданынан әкелгені анықталды. Жылқыларын …
Подробнее...Новости
Ел байлығының жартысы кімнің қолында?
Ел байлығының тең жарымы 162 адамның қолында. Кейбірінің табысы жылына 3 млрд долларға дейін жетеді. Елде элитаның болғаны дұрыс тек, бай мен кедей арасындағы алшақтық өте қауіпті екенін сарапшылар айтуда. Шетелдік олигархтармен салыстырып жатыр.
Подробнее...Мүгедек жан пандустан аяғын сындырды
111 жедел қызметіне маман жетіспейді
Медициналық қызмет сапасы
Шынайы бәсекелістік болмай отандық медицинадағы қызмет сапасы артпайды. Сондықтан медициналық сақтандыру қоры салаға жеке меншік секторды көптеп тартуды бірден қолға алды. Қор өкілдері жеке меншік клиникалар мен мемлекеттік емханалар арасында бәсеке артқан сайын қызмет сапасы көтерілетініне сенімді.
Подробнее...Биліктегі ауыс-түйістің мәні неде?
Президент әкімшілігінің басшысымен бірге бірнеше министр алмасты. Қарағанды әкімі де ауысатын болды. Жоғары биліктегі ауыс-түйіс жақында ғана болғандай еді. Артылған үміт ақталмады ма деген сауал туындады. Тағы сол бір тұлғалар тек кресло алмастырып жүр ме деген сұрақ та бар. Саясаттанушы сарапшылардың пікірі мен депутаттардың қаша берген жауабы Олжас Сайлаубекұлының материалында.
Подробнее...Көмір бағасы өспейді деп еді…
Министрлердің уәдесі құр сөз болып қалды! Елордалықтар «көмірдің бағасы 12 мыңнан өспейді» деп сендірген шенділерге ашулы. Өйткені, ел астанасында күн салқыны сезіліп еді, отынның құны да бірден шарықтай түсті. Бір жерлерде он бір мыңнан саудаланса, енді бірі бағасын 15 мыңға бір-ақ көтеріпті. Оған шенеуніктердің өздері не дейді? Көмірді ерте алып қойғандар отынның сапасына неге көңілдері толмай тұр?
Подробнее...Қамбат батыр шылым шеге ме?
Қазақ халқының қаһармандық жырындағы Қамбар батыр шылым шегетін браконьер болған екен. Ал оның ғашығы Назым арақ-шарапты ашытқан көрінеді. Ұлттық фольклорға тіл тигізгеніміз емес, биылғы оқу маусымына дейін 9 сыныптың оқушылары Қазақ әдебиетін осылай оқып келген. Бұл оқиғаның қыр-сырын бір кісідей білетін мамандар былықтың бәрі «Бабалар сөзі» жинағынан басталған деседі. Ақиқаты қайсы?
Подробнее...Президенттің 100 күні
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент болғанына 100 күн. Маусым айындағы инаугурациядан кейін ресми түрде лауазымына кіріскен Қазақстанның жаңа басшысы 100 күннің ішінде 102 Жарлыққа қол қойыпты. Ол жарлықтың бірқатарын көрермендерде жақсы біледі. Мәселен, несиені кешіру туралы құжат. Сондай-ақ, зейнетақы қорындағы қаражатты иесіне қайтарып, тұрғын үй алуға мүмкіндік жасаймыз деп бір қуантты. Бұдан бөлек, ел есінде қалатындай қандай іс тындырды?
Подробнее...Бензин бағасы қымбаттауы мүмкін бе?
Бензин қымбаттауы мүмкін. Ішкі нарыққа жетпегеннен емес. Алып-сатарлардың кесірінен деп айту керек шығар. Өйткені, елімізден жанармай вагон-вагонымен шетке кетіп жатыр. Соның әсерінен жақын арада жанар-жағармай тапшылығы туындап, баға өсуі әбден мүмкін. Мәселен көрші Ресейде ең өтімді АИ-92 маркалы бензин бізден 70-80 теңгеге қымбат сатылады. Осыны ұтымды пайдаланған пысықайлар, вагонды қойып, канистрмен, түрлі көліктермен айына 50 тоннаға дейін сұйық отынды әкетіп …
Подробнее...






