Әкімдердің жұмысы оңай ма? Жалпы бүгінде әлеуметтік желі арқылы шаһар басшыларының қайда, кіммен жүргенін білуге болады. Тіпті, кейбірі түрлі хайп пен челленджерге қатысып өз фоллоурелерін арттыруда. Мәселен, халыққа жақын боламын деп өңір басшылары трактор,велосипедке мінсе, өзгесі аккаунтар арқылы өз елін мақтап әлек. Сонымен, елімізде қай әкімнің беделі басым? Сарапшылар олардың жұмысына қандай баға беруде.
Подробнее...Новости
Шетелдіктер де Әбілязовті іздейді
Биліктің бас ауруына айналған Мұхтар Әбілязов пен Храпуновты елге қайтарту үшін құзырлы орган тағы бір әрекеттеніп көрмекші. Жаңа дәлелдер келтірілген екеудің ісі шетелдің құқық қорғау органдарына жіберіледі. Сырттай соттап, елге келтіре алмаған соң, енді ең болмаса, сол жақта соттау әрекеті қолға алынып жатқан секілді. Бұл деректі бас прокурордың орынбасары жеткізді. Біздікілер қайтара алмай жатқанда, қос құданы еуропалықтар соттауы мүмкін бе?
Подробнее...Көпір астындағы өмір
«Артық қылам деп, тыртық қылды». Ақтөбеде көпір астында тұрып жатқан тұрғындар осылай деп байбалам салып отыр. Өйткені, құрылыстың кесірінен баспаналарының қабырғаларына сызат түскен. Ол аздай тарсыл-гүрсілден үйдегі кішкентайлардың ұйқысын бұзыпты. Енді зәре-құты қашқан баланы ұйқысын тыныштандыру үшін, емші біткенді жағалап әуреге түсіп жүрміз дейді. Тұрғындардың базынасына құлақ түріп қайтқан тілшіміз тарқатып айтсын.
Подробнее...Америкалық азамат Шымкенттен кете алмай жүр
Американың азаматы Шымкенттен кете алмай жүр. Турист құжатын жоғалтып алыпты. Біздің елге саяхаттап келіп, жарты жолда қалып қойған 54 жастағы америкалық азамат, амалсыз көпшіліктен көмек сұрайды. Алексей Чумак Қызылорда мен Түркістан қаласының аралығында байқаусызда барлық құжаттарын түсіріп алған екен. Қазір қайда, қайтіп күн көріп жүр? Шарасыз күйге түскен «қонақпен» тілдесіп қайтқан әріптесім Пернебек Біләлбек айтып берсін.
Подробнее...Жұмыс туралы жалған жарнамалар
Әсіресе екі қолға бір күрек таппай жүргендер осындай бір жарнамаларға көп кездеседі. Жұмыс тәжірибең қажет емес. 200 мың теңдеген астам жалақы ұсынамын! Күнделікті есік алдынан болсын иә болмаса аялдамаларда жыпырлап тұрған осындай хабарламаларды көріп жүрген шығарсыз? Расымен солай ма? Кеңсеге отырғызып қойып, көп-көрім қаражат беретін ол неткен батпан құйрық? Осы тақырыпты зерттеп көрген тілшіміз не дейді?
Подробнее...Кімдердің несиесі кешірілуде?
Мемлекет кімдердің несиесін кешіріп жатыр? Қазір банк пен халыққа қызмет көрсету орталығының арасында сандалып жүргендер көп. Екі мекеме бір-біріне жібереді екен тұрғындарды. Осы мәселелер бойынша кеңес беретін бірыңғай байланыс орталығына хабарласу мүмкін емес. Жыл соңына дейін жалғасатын кешірім науқанына көп балалы аналар іліге алмаймыз ба деп алаңдаулы.
Подробнее...Кен орны сумызды ластады
https://youtu.be/CqhAAgGhiqU Алматы облысында алтын өндірушілер кен өңдеуге пайдаланған суды өзенге ағызып жатыр! Райымбек ауданына қарасты Қаратоған ауылының тұрғындары осылай деп дабыл қағуда. Пайдалы қазбаны өндіріп жатқан шағын зауыттың қожайыны ауылдықтардың жеріндегі қора-қопсысын күреп тастап жол салып алыпты. Ал оған қарсы шыққандарының үстінен шағым жазып, полицияға сүйрелейді екен. Кәсіпорын басшысы шекаралы аймаққа алыс-жақын шет елдің азаматтарын алып келіп жұмыс істетін көрінеді. …
Подробнее...Шамалғандағы жиын
Трагедияға душар еткен Шамалған станциясындағы көпір мәселесі екі күннен бері бүкіл ақпарат құралдарында айтылып, әлеуметтік желіде қызу талқыланып кеткеннен кейін бе, әйтеуір өңірге бүгін бір топ шенеунік келді. Әйтпесе, тұрғындардың «көпір керек» деп айтып келе жатқанына он жылдан асқан. Шыдамның шегіне жеткендер, бұл жолы айқайға басып, уәденің тез арада орындалуын қатты талап етті. Қараша халықтан гөрі костюм шалбар киген шенеунігі …
Подробнее...Екпесіз балабақша мен мектеп қабылдай ма?
Талдықорғанда кәсіпкерлер бас көтеріп жатыр. Бизнесмендердің тірнектеп жиған ақшаларына салынған кафе, дүкен сияқты 9 ірі нысан күреліп, жермен-жексен етілмекші. Әр жүздігі жүздеген мың доллар тұратын жер телімдері жергілікті әкімдікке не үшін қажет болды екен десеңіз, олар бұл жерге абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, қала орталығын көркейтеміз дейді. Ал, оның орнына өтемақы ұсынып, керек болса басқа жерден жер берейік депті. Бірақ, оны …
Подробнее...Екпесіз балабақша мен мектеп қабылдай ма?
Елордалықтарға Үндістаннан әкелінген екпе салынады. Еліміздің бас қаласында вакцина егуге арналған 105 пункт жұмыс істеп тұр. Десе де, келушілер аз. Баласына екпе салдырудан бас тартатындар әлі бар қоғамда. Енді олар инфекция жұқтырған жағдайда тегін ем ала алмайды. Тіпті, балабақша мен мектепті аттап баса алмайды.
Подробнее...






