Теміржол бойында тағы да сұмдық апат болды. Алматы облысында жолаушылар пойызы автобусты ортасынан турап өтті десе де болады. Сау-тамтығы қалмаған қоғамдық көліктің видеолары кешелі бері әлеуметтік желіде өріп жүр. Өкінішке қарай, автобус жүргізушісі оқиға орнында бірден көз жұмды. Тағы үш жолаушы ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Алайда, «кінәлі жүргізуші емес, кептелістің алдын алмаған аудан басшылығы» деп шулаған куәгерлер Шамалған станциясын онсызда …
Подробнее...Новости
Теміржолдан төнген қауіп
Апат айтып келмейді дейміз. Бірақ, өткен 8 айдың өзінде еліміз бойынша пойыз бен автокөліктерге қатысты 6 апат тіркелген. Бұл нені білдіреді? Бір адам көз жұмды. Тағы 15-і түрлі жарақат алыпты. Алматы маңындағыдай апат елордада да болды. Пойыз бен жолаушылар автобусы қақтығысты. Жоғары жақ пен жауапты органдардың айтар уәжі белгілі. Кезекті рет атқамінерлер шойынжол маңында сақ болуға шақырып жатса, полицейлер жол …
Подробнее...Ғабидолла үкіметке келді
Биліктің сенімінен айырылып, жұмысынан кеткен Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды. Енді ол Премьер-министр Асқар Маминнің кеңесшісі. Әлеуметтік желіде тым белсенділік танытып, Лондоннан тікелей эфирге шығып, Арыс оқиғасынан естерін енді жиған ел-жұртқа шетелге саяхат жасау туралы ақыл айтқан шенеуніктің әрекеті Ақордаға да ұнамай қалып еді. Бірақ Үкімет үйі оған әлі үміт артып отырған сыңайлы.
Подробнее...Жайылымдарымызды алып қоюы мүмкін
https://youtu.be/KCqxHzWV4g4 Алматы облысында тағы жер дауы! Бұл жолғы айғай-шу жайылымдық жерге қатысты. Панфилов ауданына қарасты Сарыбел деп аталатын ауылдың тұрғындары 2500 гектар алқап жалғыз адамның иелігіне беріледі дегенді естіп, наразы. Малмен ғана жан бағып отырған шаруалар, өрісіміз тарылса, күніміз не болмақ?! — деп шырылдап отыр. Сондықтан талабын айтып, аудан әкімдігіне барды.
Подробнее...Жалған дипломмен сабақ берген
Ал, жалған ұстаздан оқып жүр, талай қазақ баласы! Ақтөбедегі мектептер мен колледждердің өзінде жалған педагогтар жұмыс істеп келген! Дәлірек айтқанда, олардың дипломы жалған. Білім саласындағы біраз былықты прокурорлар осылайша, әшкерелеп берді. Өтірік дипломмен ұсталғандар арасында әйгілі әнші Димаш Құдайберген білім алған музыка колледжінің ұстаздары да бар. Білімді саудаға салған кімдер? Дипломның қара базардағы құны қанша тұрады? Жалған дипломды жасайтындарды қандай …
Подробнее...Міндетті медициналық сақтандырудың жайы
Елімізде келер жылы жаппай енгізілетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің артықшылықтары түсіндірілуде. Естеріңізде жүрсін, енді жұмыс беруші 2 пайыз, жұмысшы жалақысынан 1 пайыз қаражат аударып отырады. Министр есесіне, бәсекелестік күшейеді, дәрігерлердің жалақысы жоғарлайды, елімізде көптен бері шешілмей келген дәрі-дәрмек тапшылығы да жойылады дейді. Айту бір бөлек. Ал, ол қалай іске аспақ? Үлкен қалаларды айтпағанда, аудан, шалғайдағы ауылдарда тұратын тұрғындар, тегін …
Подробнее...Шымкентте автобус аударылды
Шымкентте жол апатынан автобус аударылып, бір адам қайтыс болды. Ауыр соққыдан кондуктордың миы шашылып, тілге келместен сол жерде көз жұмған. Тағы 13 адам түрлі дәрежеде зардап шегіп, біреуі жансақтау бөлімшесінде жатыр. Соққыдан жарақат алғандардың арасында балалар да бар. Оқиға қалай болған?
Подробнее...Мектептегі тазалық
Мектеп, әсіресе шалғайдағы мектептердегі әжетхана мәселесі олда үлкен проблема. Еліміз бойынша оқу орындарындағы санитарлық жағдайды жақсарту жөніндегі бағдарлама жалғасып жатыр екен. Бес жүзден астам мекеме дезинфекциялық құралдармен жабдықталып, кей мектептерде әжетханалар толық жөндеуден өтпек. Айтпақшы, оқушылардың ата-аналары да осындай бастамаға өз үлесін қосып, мектептегі жағдайды реттей алады. Ол үшін ересектерге не істеу керек?
Подробнее...Оқушылар ауруханаға түсті
Түркістан облысында 700-ден астам бала оқитын мектепте оқыс жағдай болып, барлық оқушы аяқ астынан қауіпсіз жерге көшірілді. 30 бала мен 2 мұғалім және тағы екі техникалық қызметкер жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың денсаулығы бірқалыпты дегенімен, 11 оқушыны үйлеріне жібермей, аурухана төсегіне жатқызыпты. Аяқ асты болған жәйттен тәртіп сақшылары да аяғынан тік тұрған.
Подробнее...10 мың теңгені қолдан жасап келген
Алматы облысында ақша жасаумен айналысқан азамат қолға түсті. Күдікті өзінің пәтерін жалған ақша шығаратын шеберханаға айналдырыпты. Ол тек 5 және он мың теңгеліктерді әзірлеп, облыс аумағындағы сауда орындарына өткізіп отырған. Ал Алматы қаласында тек алты айдың ішінде ғана 4 миллион 700 мың теңге көлемінде жалған ақша тәркілеген.
Подробнее...






