10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Новости

Келіні мен немересінің өлімін дәрігерлерден көруде

Дәрігерлердің салғырттығынан келінім мен немеремнен айрылдым. Осылай деп жанайқайын жеткізген Алматы облысының тұрғыны кінәлілердің жазалануын талап етуде. Жас ана іштегі сәбиімен бірге Кербұлақ аудандық орталық ауруханасында көз жұмған. Қазір бұл жағдайға қатысты жан-жақты тергеу, тексеру жүріп жатыр. Алайда, қайғыдан қан жұтқан отбасы іс бұрмаланып, кінәлілер жазадан құтылып кете ме деп алаңдайды.

Подробнее...

Су жаңа үй сапасыз салынған

Алматыда пайдалануға берілгеніне бірнеше ай болған көпқабатты үйдің тұрғындары ыстық суға зар болып отыр. Одан бөлек, табиғи газға да қосылмаған. Суық судың өзін шаһар басшысына шағымданып жүріп бір айдан кейін әрең қостырыпты. Құрылысты қалалық әкімдікке қарасты күрделі құрылыс мекемесі жүргізгендіктен сапасы жоғары деп сатып алып едік, енді бармағымызды шайнап отырмыз дейді жұртшылық.

Подробнее...

Қазақ мұнайы Еуропада өңделеді

Қазақтың қара алтыны қарт құрлықта. Еліміздің мұнай державасы ретінде халықаралық нарықта орнығуы үшін Еуропаға қол салу стратегиялық міндеттердің бірі. Бұл алдағы бірнеше жылда жүзеге асуы мүмкін. Ақжолтай ақпаратпен Констанца қаласында өткен Қазмұнайгазға қарасты Петромидия мұнай өңдеу зауытының 40 жылдық мерейтойында Ұлттық Компания өкілдері бөлісті. Аталған кәсіпорынның шикізат өңдеу қуаты алдағы уақытта 10 млн тоннаға дейін ұлғаюы мүмкін.

Подробнее...

Мүгедектерді күтушілер айлық алмаған

Қызылордада 500-ден астам әлеуметтік жұмысшы жалақыларын ала алмай жүр. Арнамызға шағымданған жандар І-ші топтағы мүгедектерге күтім жасап, адал еңбек еткендерін айтты. Еңбекақыдан қағылғандардың көбі жұмысын тастап кеткені де белгілі болды. Соның салдарынан арбаға таңылған жандар мен зағиптар қараусыз қалып жатыр. Ал қаражатқа жауаптылар бұған қатысты не айтты?

Подробнее...

Педофилдерді өлім жазасына кесу керек — Депутат

Педофилдерді өлім жазасына кесу керек! Сенатор Мұрат Бақтиярұлы балалар мен нәзік жандарды зорлағандар жер басып жүрмеуі керек дейді. Ал еліміздегі прокурорлар болса, оларды тек өмір бойына бас бостандығынан айыру керек дегенді алға тартып отыр. Сонымен, аталған қылмыстарға барғандар қандай жазаға лайық? Қай тараптың ұсынысы қабылданбақ?

Подробнее...

Оқушы мектептің 2-қабатынан құлап кетті

Алматыда 1-сынып оқушысы мектептің терезесінен секіріп кетті. Мұғалімі кабинетте ешкім жоқ деп есігін құлыптап шығыпты. Іштен алты жасар баланың айғайлағанын, дүрсілдетіп қаққанын тірі жан естімеген. Жалғыз қалғанынан әбден қорыққан бүлдіршін сыртқа екінші қабаттан бір-ақ секіріпті. Қазір түрлі жарақатпен ауруханада жатыр. Ал, білім ошағының директоры Қазақ тілі пәнінің мұғаліміне қатаң сөгіс жарияладым деп отыр.

Подробнее...

Бойжеткенді өлтіргендер сотталды

Алматылық Анастасия Галиеваны өлтіргендер сотталды. Негізгі күдікті 12 жылға сотталды. Алайда сотталушы мен оның қорғаушысы бұл шешіммен келіспейді. Айтуларынша Анастасияны өлтірмеген, тек денесін жасыруға талпынған дейді.

Подробнее...

Тоқаев Қытайда тек қазақша сөйледі

Қазақ тілін білсең, наныңды табасың. Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда жүрген қазақ студенттерге айтқан ақылы осы. Мемлекет басшысы аспанасты еліне мемлекеттік сапар жасауда. Оның аясында Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзинпинмен, Қытайдағы бизнес өкілдерімен, сонда білім алып жүрген отандастарымызбен жолықты. Бірқатар екіжақты келісімдер туралы белгілі болды.

Подробнее...

Қонақ үйде жойқын жарылыс болды

Түркістан қаласында қонақ үй өртеніп, 11 адам зардап шекті. Төтенше жағдай, үш тонналық газ цистернасын толтыру кезінде тұтанған. Жалынның күштілігі соншалық, жан-жаққа атылып, өрт сөндіруші мамандардың өзі түрлі дене жарақатын алды. Қазір тиісті органдар тергеп-тексеру жұмыстарын бастаған.

Подробнее...

Балалардың үстіне жара қаптады

Қызылорда облысында үйлерінің маңынан салынған цемент зауытынан тұрғындар зардап шегіп отыр. Шиелі ауданына қарасты Қодаманов ауылындағы кәсіпорын жұмысын осы жылдан бастаған екен. Жұрт содан бері одан көтерілген шаңға тұншығып, әбден зәрезап болдық дейді. Әсіресе, балаларға қиын тиюде екен. Үстілеріне бұрын-соңды болмаған жара шығып, кетпей жатқан көрінеді.

Подробнее...
X