Елордалық оқушылар енді еден жуады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жапондық жүйеге сүйкеніп, қазақстандық мектеп оқушыларын еңбекке баулудың жаңа әдісін ойлап тапты. Бұл тәжірибе бас қаланың мектептеріне енгізілді, алдағы уақытта өзге де қалаларға ұсынылуы ықтимал. Жалпы кәмелет жасқа толмаған оқушылардың еден жуып, шаң сүртуі қаншалықты заңды? Ол баланың еңбегін қанау ма?
Подробнее...Новости
16-ға толмай үйленіп алды
Елімізде некесін ерте қиюға асығатын жасөспімдердің қатары артып барады. Ресми дерекке сенсек, жылына 3 мың оқушы отау құрады екен. Күні кеше ғана 15 жасында үйленген ақтаулық жеткіншектердің видеосы желіде тарап, көптің қызу талқысына түскен еді. Сонымен ерте некенің ертеңі қандай? Мамандар неден қорқып отыр?
Подробнее...Педофилдерге қандай жаза қолданбақ?
Елімізде педофилдерге жаза күшейтіледі. Дәл осы тектес ауыр қылмыс жасағандарға жазаны қатаңдату үшін қосымша 6 заң жобасы әзірленіп жатыр. Мемлекет басшысының Жолдаудағы балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасағандарды қатаң жазалау керек деген тапсырмасынан соң, Үкімет осындай өзгеріс жасамақ ниетте. Бұл қорғансыздарға көз алартқандардың қатарын азайта ма?
Подробнее...Шенеуніктер кәсіпкерге неге шүйлікті?
Ақтөбеде аңшылық шаруашылықпен айналысатын кәсіпкерлер шенділерге шүйлігіп отыр. Табиғатты қорғап, аң-құстың санын көбейтіп, айтқандарының бәрін істедік, ал олар болса, 10 жыл ішінде тындырған шаруамызды бір күнде жоқ қылды деп ашулы. Бизнесмендер мен шенеуніктер неге тіл табыса алмай отыр?
Подробнее...«Алматы — іңкәрім менің!» фестивалі өтті
Биыл «Алматы – іңкәрім менің!» фестивалі тағы да өз дәрежесінде өтті. Тыңдарманды ретро әндерімен жыл сайын дәстүрлі түрде қуантатын концертті биыл тура кино іспетті ұйымдастырыпты. Шетелден келген әншілер де, отандық жұлдыздар да, 70-ші, 80-ші жылдардағы құлақ құрышын қандырар әндерді арнайы көрініс қойып айтты.
Подробнее...Семей жүрты автобус азабын тартуда
Семейде екі күн бұрын басталған жаңа автобустардың жыры бітер емес. Жергілікті биліктің бастамасымен ескі әрі тар деп танылған микроавтобустар алынып тасталып, орнына жаңа қоғамдық көліктер жіберілген. Алайда, автобустардың саны қала халқы үшін аз болғандықтан тұрғындар діттеген жерлеріне жете алмай әлек. Амалы құрыған жұрт әкімге кіреміз деп те әрекеттенген. Семейліктер неге наразы?
Подробнее...Авиа билеттер арзандай ма?
Еліміздегі әуе билеттер арзандайды. Жауаптылар қазіргі бағаны шарықтатпай осы деңгейді ұстап қалсақ соның өзі үлкен олжа деп отыр. Себебі, қазір дәл осы ұшаққа деген сұраныстың артқанына байланысты елімізде әуе кемесінің тапшылығы сезілуде. Ал, темір жол саласында жауаптылар алып сатарлардың жолын кесудің жаңа тәсілін ойлап тауыпты. Енді, билет таппай сергелдеңге түскендердің қатары азая ма?
Подробнее...Сотталған полицейлердің туыстары неге наразы?
Ақтөбеде адам азаптағаны үшін сотталып кеткен төрт полицейдің ағайындары шу шығарды. Жиналғандар екі күннен бері прокуратура ғимаратының алдын торуылдап, оларды бостандыққа жіберуді талап етіп жүр. Істі болғандардың арасында 3 жыл бұрын теракт кезінде кеудесіне медаль таққандар да бар екен. «Ерлігі үшін» марапатталған мақтаулы полицейлерді қылмыс жасауға не итермеледі? Жақындары неге үкіммен келіспейді?
Подробнее...Науқас бүлдіршіндерге қамқорлық
Айықпас дертке шалдыққан бүдіршіндерге қолдау білдіру үшін мың жарымнан астам алматылық қайырымдылық марафонына жиналды. Спорт, музыка және мейірімділік — екі жылдан бері спорт мерекесінің басты элементтеріне айналып отыр. Жаяулар жарысын көрген тілшіміздің сюжетіне назар салыңыз!
Подробнее...Жетісуда вайнерлер фестивалі өтті
Алматы облысының көрікті жерлерін көркем сипатта әйгілеу. Өңірдегі табиғаты тамаша өлкелер мен туристік орталықтарға жастарды мейлінше тарту мақсатында аймақтың ішкі саясат басқармасы және Рухани жаңғыру жобалық кеңсесі заманауи шара өткізді. Шарын, Көлсай, Алтын Емел сияқты ұлттық парктерді жас буынға кеңінен насиғаттау мақсатында сол — жас буынның жұлдыздары шақырылды. Жетісуды термеген «ZHETYSU VINE FEST» шарасы туралы келесі материалда.
Подробнее...






