Қарағанды облысында тал түсте анасының қолынан ұрланған үш жасар бала өлі күйінде табылды. Қазір осы оқиға бойынша бір күдікті ұсталды. Ол сәбидің анасына бұрын ғашық болып, екеуі қосыла алмаған. 1996 жылғы күдікті жігіт бұдан бұрын да осы сүйіктісінің туысын өлтіріп, сотталған екен. Алайда, мерзімінен бұрын шығарылыпты.
Подробнее...Новости
Ұлттық сенім кеңесі сенімнен шыға ма?
Елімізде зейнет жасын 55 пен 60-қа дейін төмендету керек! Президенттің төрағалығымен өткен Ұлттық сенім кеңесінің алғашқы отырысында осындай ұсыныс көтерілді. Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы кезде жиі көтеріліп жүрген шетелдіктерге жер сату, Қытайдың 55 зауытына қатысты мәселеге де жауап берді. Сондай-ақ, зорланған 9 баланың ісін қарап жатқан адвокат Айман Омарова Президентке сот жүйесіндегі әділетсіздіктерді, салаға өзгеріс қажеттігін айтты.
Подробнее...Мектеп оқушысы мерт болды
Түркістан облысында мектеп оқушысы мерт болды. Сабақ уақытында жасөспірімнің үстіне футбол қақпасы құлап кеткен. Ауыр жарақат алған 8-сыныптың шәкірті ауруханада көз жұмды. Қазір, осы оқиғаға байланысты, денешынықтыру пәні мұғалімінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары басталып кетті.
Подробнее...Оқулықтағы олқылықтар
Екі жылға бір кітап! Былтыр өтіп кеткен бағдарламаны биыл қайта оқып жатқан оқушылардың ата-аналары әлеуметтік желіде шу шығарып, жауаптылардан мән-жайды түсіндіруді талап етуде. Қай пәннің оқулығынан олқылық шықты? Нешінші сыныптар бір бағдарламаны екі рет оқиды? Бұған министрлік не деді?
Подробнее...Ұрылар әлеуметтік желі арқылы ізге түседі
Бүгінгінің ұрылары да заманға лайық түрлі айла тәсілдерді ойлап табуда. Мәселен, қарақшылар кезекті құрбанын көшеден емес, әлеуметтік желіден іздейтін болған. Яғни ол сіздің досыңыз, таңысыз болуы әбден мүмкін. Мұндай қылмыскерлер жұлдыздардың минут сайын салып жатқан фотоларын аңдып, ізіне түседі екен. Ол тіпті қарапайым адам болуы да мүмкін. Көлігінің нөмірін, үйін, үздіксіз салудан шаршамайтын инста жұлдыздардың қаншасы қылмыскердердің құрбанына айналды?
Подробнее...8-сынып оқушысын топ болып зорлаған
Алматыда бірнеше жігіт 8-сынып оқушысын ұрлап әкетіп, топ болып зорлап, артынан ес-түссіз күйінде қоқысқа лақтырып кеткен. Қазір туыстары қыздарының ар-намысын аяққа таптағандарды жауапқа тартқыза алмай әлек болуда. Тергеу амалдарына көңілдері толмайтындарын айтады. Өйткені полиция күдіктілерді қамауға алмақ түгілі, олардан әлі күнге жауап та алмаған.
Подробнее...«Алматы – іңкәрім менің!» ретро-фестивалі өтеді
«Алматы – іңкәрім менің!». Биыл 20-шы жыл өткелі жатқан ретро-әндердің фестивалі бұрынғыдан өзгеше. Өйткені, концерттен түскен қаржы тіке Арыс қаласына жөнелтілмек. Фестиваль ұйымдастырушылары жойқын жарылыстан қираған үйлерді қалыпқа келтіруге осылайша көмектескісі келіпті. Ал, аты бүтін Алашқа мәшһүр болған ескі әндердің естілері шырқалатын концерт екі күннен кейін болады.
Подробнее...Тал-түсте бойжеткенді зорламақ болды
Әнұранға лайық ән жоқ
Нұр-Сұлтанға арнап гимн жазған адамға 3 млн теңге сыйақы беріледі! Елорда билігі ұйымдастырған байқау осыдан бір ай бұрын басталған еді. Алайда әлі күнге лайықты шығарма табылмапты. Комиссия мүшелерінің айтуынша, байқауға түскен туындылардың дені той әндерінің деңгейінде екен.
Подробнее...Автотұрақ заңсыз жұмыс істеген
Ақтөбеде вокзалдың автотұрағын басқаруға алып, ақша жинап келген кәсіпкердің әрекеті заңсыз болып шықты. Бизнесменнің «барлық жағдайды жасаймын» дегені құр уәде болып қалғаны былай тұрсын, тіпті мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жөніндегі әкімдікпен жасаған келісім-шарты да дұрыс емес екен. Былықтың бәрі прокурорлардың тексерісі кезінде әшкере болған. Енді кәсіпкерге қандай шара қолданады? Майшелпекке айналған нысан енді кімнің қолына өтпекі?
Подробнее...






