Қызылағаш оқиғасын еске салатын жалғыз ескерткіш ескерусіз қалған. Монументтің тоз-тозы шығып, граниттік тақтайлары да түсіп жатыр. Арада 9 жыл өтсе де, ешбір жөндеу көрмепті. Мемориалдың қираған көрінісі әлеуметтік желілерде жарияланғаннан кейін ғана жергілікті әкімдік іске кіріскен.
Подробнее...Новости
Тоқаев өз мамандарымызды тартуға шақырды
Отандық компанияларды шеттетпей, мүддесін ескеру керек! Мұнай саласындағы басшылық қызметтерді өзіміздің мамандар да атқара алады. Атырауға жұмыс сапарымен бараған Қасым-Жомарт Тоқаев ірі компания басшыларын шетелден кадр тартпай елдегі қызметкерлерге назар аударуға шақырды. Мұнайшыларды мерейтоймен құттықтамаққа келген Президент саладағы біраз мәселеге көңіл бөлу керектігін айтты.
Подробнее...Басына бұрағыш сұққан
Алматы облысында басына бұрағыш қадалған жігіт мүгедек болып қалуы мүмкін. Дәрігерлердің дер кезінде көрсетілген көмегінің арқасында ол комадан шыққан. Бірақ, миына 5 сантиметр темір кіргендіктен жуық арада жүріп кетуі екіталай. Туыстары ауыр жарақат салған күдіктіні қатаң жазаға тартуды сұрауда.
Подробнее...Сыраға ру аттарын жазған
«Найман, суан, ысты». Елімізде қаптамасына ру аттары жазылған сыралар сатылымға шықпақ. Ішімдік сыртына ру аттарын тайға басқандай етіп көрсеткен компания мұны маркетингтік әдіс-айла деп тапқан. Кәсібінің көрігін осылайша қыздырмақ болғандардың әрекеті көпшіліктің ызасын тудырып үлгерді. Жер-су аттары қалып, енді ру атауларын масқаралағандар жазалана ма? Қоғам белсенділері не дейді?
Подробнее...Қараусыз қалған ықшамаудан
Жергілікті әкімдіктен көңілі қалған семейліктер арнамызға хабарласып, көмек сұрады. Жолдың, жарықтың жоқтығынан әбден мезі болған Ақсай ықшамауданының тұрғындары мәселеміз 10 жыл бойы шешілмей келеді деп реніштерін білдіріп отыр. Қоғамдық көлік қатынамайтындықтан жұрт бірнеше шақырым жаяу жүріп, қаңғыбас иттердің көптігінен тіпті кешке далаға шығудан қалғандарын айтады. Шарасыз күйде отырған тұрғындардың базынасын тілшіміз тыңдап қайтты.
Подробнее...Мектеп маңындағы төбелес
Қатарластарынан таяқ жеген алматылық оқушы ауруханада жатыр. Жетінші сынып оқитын жеткіншектің миы шайқалған. Оның жағдайын дәрігерлер орташа ауыр деп бағалады. Шыр-пыр болып жүрген анасы қырғын төбелес білім ошағының маңайында болса да ешкім ажыратуға асықпады деп жыларман күйде. Ал, мектеп директоры бұл — бізге жағылған қара күйе дейді. Бірақ, өз оқушысынан әлі де хабар алмаған.
Подробнее...ХҚКО Қызметкері соққыға жығылды
Алматыда бір күнде екі бірдей Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері соққыға жығылды. Бірінің ауыр соққыдан мұрны сынса, екіншісі жеңіл жарақат алған. Қазір қолын ала жүгіретін тұрғындардың ісімен полицейлер айналысуда.
Подробнее...Кәсіпкерлер шығынға батты
Түркістан облысында ағаш саудасымен айналысып жүрген бірқатар кәсіпкердің ісі құрдымға кеткелі тұр. Олар вагондарға тиелген тақтайларды 18 күннен бері Өзбекстанға өткізе алмай, әлек болып жатыр. Соның салдарынан Арыс, Сарыағаш, Шымкент секілді үлкен стансалардың теміржол тұйықтарында 300-дей вагон қаңтарылып тұр. Ал, мәселеге жауапты индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бұл проблеманы кезінде бір үстел басында отырып шешкенбіз, дейді. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс?
Подробнее...«Азия Алыбы» кімге бұйырады?
Азия біріге алады. Бүгін астанада өткен Азия елдері қаламгерлерінің форумында Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. 44 мемлекеттен келген ақын-жазушы әдебиеттің дамуы, қазіргі интернет пен кітаптың арасындағы бәсекелестік, осы құрлыққа ортақ мәселелерді талқылады. Басқосуда Қазақстан президенті «Азия алыбы» әдеби сыйлығын тағайындауды да ұсынды.
Подробнее...Нұрлан Әлімжанов неге ант қабылдамады?
Бүгін мәжілістің алғашқы отырысында су жаңа депутаттар халыққа адал қызмет етуге ант берді. Ал, таяуда Парламентке қабылданған танымал актер Нұрлан Әлімжановты бүгін көрмедік. Белгілі әнші неге ант қабылдамады?
Подробнее...






