0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Назарбаев сыйлығын» кімдер алды?

Кеңес дәуірінде қазақ жерінде 456 сынақ өткізіліп, 500 мыңнан аса адам радиацияның зардабын тартты. Бүгін халықаралық ядролық қарудан бас тарту күні. Осы атаулы күнге орай астанада екі адамға «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығы» табысталды.

Подробнее...

Пойыз астында қалып аяғынан айырылды

Ақтөбеде теміржолдың кезекшісі пойыздың астына түсіп, екі аяғынан айрылды. Қазір келіншектің жағдайы ауыр. Туыстары болса станса басшылығына шүйлігіп отыр. «Оқыс жағдайдың неден болғанын анықтаудың орнына, келінімізді «суицид» жасағысы келген» деп айтқаны жанымызға батты дейді. Бұл қауесет пе, әлде теміржол бекетінің басшысы осындай мәлімдеме таратқаны рас па?

Подробнее...

«Денсаулық пойызы» – Ақтөбеде!

Ауыл тұрғындарында жедел жәрдем! Сәуір айының соңында Алматыдан шыққан «Денсаулық пойызы» Ақтөбе облысына жетті. Шойын жолдағы медициналық бекеттің мүмкіндігі мол. Шалғайдағы ауыл тұрғындарын білікті дәрігерлерден құралған бригада тегін тексеріп жатыр. Бұл бастама қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатымен, әрі жұртшылыққа міндетті медициналық сақтандыру туралы егжей-тегжейлі түсіндіру үшін қолға алынып отыр.

Подробнее...

«Жеті ата» институты жойылып кетуі мүмкін…

«Туысқандардың бір-бірімен отасқандарында еш сөкеттік жоқ. Керісінше, мұндай жұптардың бала сүю көрсеткіші жоғары болады». Арнайы зерттеу жүргізген исландиялық ғалымдар осындай шешімге келіпті. Алайда, жеті атадан аспайынша қыз алысып, қыз беріспейтін біздің мамандар шетелдіктердің мұндай уәжі мүлдем шындыққа жанаспайды дейді. Отандық этнографтар да мұның соңы жақсылыққа апармайтынын айтып, дабыл қағып отыр. Өз жақынымен отасқандардың қандай қиындыққа тап болуы мүмкін?

Подробнее...

Жұрт апатты көпір опырыла ма деп қорқуда

Алматы облысында республикалық маңызы бар көпір қирап қалды. Енді ондаған елдімекен тұрғындары қоғамдық көлікпен көпірден жандарын шүберекке түйіп өтуге мәжбүр. Бұл өткелді мамандар бір жыл бұрын апатты деп тауыпты. Бірақ, күрделі жөндеу жүргізуге асықпаған. Ауыр жүк көліктерінің салмағына шыдас бермеген белдеме морт сынып, көлік қозғалысы тұралап қалған. «Алматы-Қорғас» және «Алматы-Астана» тас жолдарының арасын жалғайтын жалғыз айналма жолдың қазіргі күйін көзімен …

Подробнее...

Үйі өртенгендерге көмек көрсетілмеуде

Түркістан облысында бүтін бір отбасы далада қалды. Сарайда тұтанған өрт тұтас тұрғын үй мен қора-жайларды шарпып, жарамсыз күйге түсірді. Қызыл жалынның күштілігі соншалықты көршілердің гаражы мен мал қорасын да шарпып өткен. Салдарынан отбасы мүшелері туған-туыстың үйлерін жағалауға мәжбүр. Енді кімнен көмек сұрарын білмей жүр.

Подробнее...

Диплом болғанымен жұмыс жоқ!

Елімізде еңбекке қабілетті 443 мың адам жұмыссыз. Оның 83 мыңнан астамы жастар. Бойында күш қуаты тасып тұрған өрімдей дайын мамандар екі қолға бір күрек таппай сергелдеңге түскен. Тіпті, кейбірі жұмыспен қамту орталығының табалдырығын тоздырса, енді бірі жәрмеңкелерді жағалап жүр.

Подробнее...

Төсек жаңғыртқан зиялылар

82 жасқа келіп үйленген Нұрғали Нүсіпжановтың тойы кешелі-бері әлі талқыланып жатыр. Кебіреулер, әнші ағамыз бен Жадыра Сейдештің бұған дейінде бірге тұратынын жазуда. Осы кезге дейін өзінен едәуір жас қалыңдық алған зиялылар арасында Нұрғали Нүсіпжанов рекорд жаңартты. Себебі, Асанәлі Әшімов, Әкім Тарази, Нұрғиса Тілендиевтердің жұбайымен арасы 20-30 жастың шамасында болса, Нұрғали аға 40 жастан аса кіші қызды жар етті өзіне.

Подробнее...

Көлік таптаған жігіт оқиға жайлы айтып берді

Алматыда көлік астында тапталып, жазым бола жаздаған жігіттердің бірінің беті бері қарай бастады. Өздерін қасақана темір тұлпармен басып өткендер ішімдікке сылқыя тойып алып, төбелесті аяқасты ашты дейді. Тіпті, қолдарында қару болғанын айтады. Ал, ақ және қара көлікке мініп, аса қатігездікпен адам өлтіруге оқталған екі күдікті туған ағайынды екен. Бүгін іздеуде жүрген сезіктінің анасы үндеу жариялады.

Подробнее...
X