0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Новости

Алимент төлемегендерге жұмыс ұсынылды

Елімізде әрбір оныншы әке ұл-қызына алимент төлеуден бас тартады екен. Араларында тұрақты табысы жоқ, жұмыссыздары да бар. Астанада алимент бойынша қарызы бар ата-аналар үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Алайда, оған келіп жатқандар өте сирек.

Подробнее...

Шахандағы қазандық мәселесі неге шешілмейді?

Қарағанды облысының Шахан кентінде жылу қазандығының құрылысы енді ғана басталған. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, оның құрылысын сәуір айында бастау жоспарланған екен. Алайда оған жауапты мердігерлердің арасындағы дау жанжалмен, соттың кесірінен жұмыстар енді ғана басталған көрінеді. Сондықтан Шахандықтар биылғы қысты көп қабатты үйде пеш шағып, күнелтуі мүмкін. Отын тасып, күл-қоқыс шығарудан әбден қажыған тұрғындар бүгін нарзылық білдірді.

Подробнее...

Өз қызын зорлаған азғын сотталды

Түркістан облысында елді шошытқан атышулы іске қатысты сот нүкте қойды. Үш жарым жасар қызын аяусыз зорлап, денесіне 38 мәрте пышақ сұғып өлтірген азғын әке өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Алайда, 47 жастағы сотталушы өзіне тағылған айыппен келіспей, жер қойнына тапсырылған бүлдіршіннің денесіне эксгумация жасатуды талап етті.

Подробнее...

Нұрғали Нүсіпжанов өзінен 45 жас кіші қызға үйленді

Қалың жұртшылыққа «Алатау», «Теріскей», «Саржайлау» әндерімен танымал Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Нұрғали Нүсіпжанов үйленді. 82 жастағы абыз әншінің таңдауы 39 жастағы журналистке түсіпті. Күні кеше Алматыда халық әртісінің тойы бар сән-салтанатымен өтті.

Подробнее...

Астана іргесінде атыс болып, 1 адам көз жұмды

Елордада қала шетіндегі көшелердің бірінде жұрттың жағасын ұстатқан қанды оқиға болды. Бірнеше адамның арасындағы қырғында бір адам көз жұмып, үшеуі түрлі деңгейдегі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Ал қарудан оқ атқандар оқиға орнынан қашып кетіпті. Кісі өмірін жалмаған жағдайға қатысты әр түрлі болжам бар.

Подробнее...

Көлігімен адам таптағандардың аты-жөндері неге айтылмайды?

Алматыда үш бірдей адамды көлікпен таптап кеткен екі күдіктінің бірі ұсталды. Полицейлерге 24 жастағы жігіт оларды қасақана қаққанын мойындаған. Ал, екінші күдікті әлі қолға түспей жатыр. Олардың терезесі сынып, қанға малынған темір тұлпарлары да тәркіленіп отыр. Бірақ, текетіреске қатысқан бірде бір азаматтың аты-жөнін Ішкі Істер министрінің өзі жасырын ұстауда. Ал, миы шайқалып, бірнеше жарақатпен ауруханада жатқан қарсылас топтың жігіттері әлі …

Подробнее...

Қаршадай қыз көмекке зәру

https://youtu.be/6CswlCh5HiI Арман болған аппарат! Алматы облысында дерті дендеген шынашақтай қыз қиналып жүр. Милена Мизенцева туабітті дертке шалдыққан. Жіліншігі дамымай қалған ол өздігінен жүре алмайды. Осы уақытқа дейін арнайы аппаратқа арқа сүйеп келген екен, енді онысы да ескіріпті. Тез арада жаңаламаса, Милена биыл мектептен қалып қояйын деп отыр. Тиісті мекемелерден тиесілі көмекті күтіп шаршаған қыздың туыстары біздің телеарна арқылы көмек сұраған …

Подробнее...

Көлігімен адамдарды қасақана таптады

Алматыда бір емес үш бірдей азаматты қасақана көлікпен қағып қашып кеткен жігіттерге іздеу жарияланды. Бүгін таңғы бестер шамасында екіге бөлінген ер азаматтардың бір-бірімен жаппай сұмдық төбелесі бейнебақылауға түсіп әлеуметтік желіде тарауда. Елдің есін шығарған текетіресте қара көлікке мінгендер қарсыластарын көлікпен таптап өтеді.

Подробнее...

Үлескерлер бір-бірімен қырқысуда

Жеті жылдан бері пәтерлерін күтіп жүрген үлескерлер бір-бірімен жаға жыртыса жаздады. Құрылысты аяқтау үшін үшінші компания келгені сол еді, тұрғындар да қақ жарылды. Бірі қаржыны тағы біреу жымқырады десе, бірі тым құрығанда келесі жылы пәтерімізді алсақ деп сарылып жүр.

Подробнее...

Ұрлап кеткен 3 жасар баласымен қауышты

Ана мен бала бір жылдан кейін қауышты. Алматылық келіншектің бұрынғы күйеуі 3 жасар баласын Ресейге ұрлап әкетіп, туған анасына осы уақыт бойы көрсетпей келген. Ұрпағын бір көруге зар болған Дана Амеева Ресей соттарының табалдырығын тоздырған. Ақыр-аяғы бір жылдан астам уақыттан кейін ана баласымен қауышты. Сонда алматылық әйел 3 жастағы баласына қалай қол жеткізді? Қайтару барысында қандай қиындықтарға тап болды?

Подробнее...
X