Пара алу, жемқорлыққа қатысты әрекетті телефон арқылы хабарласаңыз, Сізге ақша төлейді! Биыл 116 адам осындай адалдығы үшін сыйақы алыпты. Бұдан бөлек, қаншама қылмыстық іс ашылып, тергеу шаралары іске асты. Сыбайласпен күрестің тың тәсілі туралы алдағы сюжетте.
Подробнее...Новости
Директор мен мұғалім жанжалдасуда
Ақтөбелік жас ұстаз әділдік іздеп, Бас прокуратурадан араша сұрауға мәжбүр! Әдемі Бауыржанқызы үш жылдан бері Пригород орта мектебінің директоры өзін қудалап, қысым көрсетуде деп отыр. Шетелде білім алып келген жас маман мен 35 жылдық тәжірибесі бар мектеп директоры нені бөлісе алмай қалды? Тараптарды сотқа дейін баруға итермелеген не жағдай?
Подробнее...Шетелдік туристі тонағандар ұсталды
Шымкентте украиналық туристі ұрып-соғып, тонап кеткендер ұсталды. Қаскөйлер оның оның үш қабырғасын сындырып, жарты миллион теңгеге жуық ақшасы мен қажетті заттарын тартып алыпты. Төрткүл дүниені велосипедпен шарлап жүрген Владимир Галигузов басқа-басқа кезінде дәл өзінің кіндік қаны тамған жерде таяқ жегеніне қапаланып отыр. Мемлекет туризмді дамытамыз деп жанталасып жатқанда шетелдіктердің жүрегін шайлықтырып тастаған қайскөйлер кімдер?
Подробнее...Мәйіттік донор қажет
Елімізде мәйіттік трансплатация дами түскенімен, донор тапшылығы шешілер емес. Салдарынан айықпас дертке шалдыққан мыңдаған науқас ағзасын алмастыра алмай қиналуда. Кезек күтіп, төсекте жатқандары тағы бар. Күрмеуі қиын мәселе енді қалай шешіледі? Мәйіттік донор болуға кім дайын?
Подробнее...23 млрд теңгенің ағаштары қурап жатыр
Елордаға қоңыр күз келе қоймаса да, бір жыл бұрын 23 млрд теңгеге отырғызылған жасыл желектер уақыты жетпей қурап жатыр. Мәселен, Нұр-Сұлтанның қақ ортасындағы «Ботаникалық саябақтағы» 33 мың түп талдың басым бөлігі «өліп» қалған. Мамандардың бұл жөнінде өз уәжі бар. Олардың сөзінше биылғы жаз ыстық әрі құрғақ болғандықтан ағаштардың жайқалып өсуіне өз кесірін тигізген екен. Шын мәнінде табиғаттың сәнін келтіретін жасыл …
Подробнее...Таудағы көлік кептелісі
Алматылықтар қаланы қойып, енді тауға шығу үшін де ұзын сонар көлік кептелісінде тұруға мәжбүр. Іле-Алатау мемлекеттік табиғи паркіне баруды әдетке айналдырғандар бір аптадан бері демалысымыздың шырқы бұзылды деп ашулы. Парк әкімшілігі тауға кіру үшін арнайы терминал орнатып, билеттерді жөнді үлестірмей жатыр, дейді.
Подробнее...Ақтөбелік азамат мүгедек әйелін жеті жыл арқалап келеді
Ақтөбелік азамат жеті жылдан бері әйелін арқалап, көмек сұрап жүр. 5-ші қабаттан күніне екі мәрте түсіп-шығатынын айтады. Өйтпеске амалы жоқ. 45 жастағы апталдай ер адамды мұндай қадамға не итермеледі? Әкімдіктегілер неге өз қарамағындағы жұмысшының жанайқайына құлақ асар емес?
Подробнее...15 жыл салынған тұрғын үй бұзылады
Елордадағы 15 жыл бойы құрылысы бітпеген баспана бұзылып, орнына жаңа нысан салынбақ. Қала әкімшілігі тұрғын үй кешенін қирату үшін 150 млн теңге қарастырып отыр. Бірақ бұл қаржы әлі нақты емес. Тіпті, елорда билігіндегі тиісті басқарма басқарма басшының өзі бюджет қаражатының қандай мақсатта бөлініп жатқанын білмейді.
Подробнее...2 жасар қыз 8 ай бойы ұйқыда жатыр
Қарағандыда екі жастағы қыз аяқ асты ұйықтап кетіп, сол күйі ояна алмай жатыр. 8 айдан астам уақыт есін жимаған Аяулым аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Осыған қарамастан, ол ауырсынуды, қолдың тигенін сезеді, тістері шығып, салмақ қосуда. Бұл жағдайды дәрігерлер де түсінбей отыр. Медицина қызметкерлері түрлі зерттеулер өткізіпті. Алайда бүлдіршінге әлі нақты диагноз қоя алмаған. Сонда бұл қандай дерт?
Подробнее...Альпинистерді іздеу тоқтатылды
Тянь-Шань тауларында жоғалып кеткен альпинистер табылмады. Құтқарушылар бүгін іздеу жұмыстарының аяқталғанын хабарлады. Олар жоғалып кеткен отандастарымыз қар көшкінінің астында қалуы мүмкін деп топшылап отыр. Тікұшақпен бірнеше күн қатарынан қайғылы оқиға болған аумақты шолып шығыпты. Бірақ тірі жанның ізі байқалмаған.
Подробнее...






