Новости
Жастарға жол ашқан жоба
Қазақстандық жастар қаржы үнемдеудің, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартудың жаңа жолын тапты. Олар жыл сайын бағасы шарықтап кететін көмірді алмастыратын қатты отынның баламасын ойлап шығарды. Қабілетті, өнертапқыш студенттердың инновациялық идеяларының ішінде экономикалық, экологиялық, әлеуметтік жобалар бар.
Подробнее...Қылмыскер қашып жүр
Тапа-тал түсте жүкті келіншек пен бойжеткенді пышақтап кеткен қылмыскер әлі бостандықта жүр! Қанды оқиға Ақтөбенің Құрашасай ауылында болған. Полицейлер күдіктінің ізіне түскенімен, үш күннен бері ұстай алмай отыр. Зардап шеккендердің жағдайы қалай?
Подробнее...Инспекторлардың жанайқайы
Табиғат қорғау инспекторы қауіпті мамандықтардың біріне айналды. Жыл басынан броконьерлер қолынан екі бірдей инспектор қаза тауып, бірнешеуі жарақат алды. Аңшылардың қарсылығына жиі тап болып, өмірлеріне қауіп төнген мамандар бүгін Алматыда бас қосып, қаруландыру мен қауіпсіздікті күшейту мәселесін талқыға салды. Ал броконьерлерге қарсы қару қолдануға қолданыстағы заң рұқсат бермейді.
Подробнее...Жол сапасыз салынған
Елорда іргесіндегі Қосшы ауылындағы жол өрескел заңбұзушылықтармен сапасыз салынуда. Мұны «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» мамандары анықтаған. Алайда асфальт салуға тапсырыс беруші аудан өкілдерінің өзі мердігердің сөзін сөйлеп отыр. Олардың айтуынша, барлығы жоспар бойынша талапқа сай салынып жатыр екен. Бірақ жолдың сапасын қадағалайтын мамандар лаборатория қызметкерлерімен бірге асфальтті қазып, барлық былықты анықтады.
Подробнее...Дәрігерлерді сабаған
Бас қалада жедел-жәрдем жүргізушісі тағы да таяққа жығылды. Бұл елордада болған алғашқы оқиға емес. Мамандар тәртіп бұзушылықтың жиілеп кетуі қатаң жаза қолданылмауынан деп отыр.
Подробнее...Электронды әлде қағаз оқулық?
Оқушылар электронды оқулыққа көше алады! Еліміздің бас ұстазының мына сөзінен кейін баласын мектепке дайындап жатқан ата-аналардың дені екі ойлы болып қалды. Бірі даттаса, өзгесі жақтап отыр. Ауыр кітаптар оқушылардың омыртқасын қисайтса, планшет пен телефон көздеріне зиян дейді. Сонымен кітаптың қай нұсқасы дұрыс?
Подробнее...45 отбасы аштық жариялады
Шымкентте 45 отбасы аштық жариялады. Баспаналары өртеніп кеткен тұрғындар Үкіметтен көмек сұрап отыр. Себебі қала әкімдігі мәселені тездетіп шешудің орнына, немқұрайдылық танытып отырған көрінеді. Тұрғындардың талабы қандай?
Подробнее...Бір отбасынан екі мүгедек жан көмекке мұқтаж
Бір отбасындағы екі бірдей мүгедек жан мемлекеттің қолдауына мұқтаж. Енесі мен құдай қосқан қосағын қарап отырған отанасы кімнен көмек сұрарын білмей дал. Ал, әкімдік қызметкерлері Үкіметтің бекіткен Заңынан аса алмай жүргендерін айтады. Сонда шарасыз күйге түскен Леңгірлік отбасыға кім қолғабыс жасамақ?
Подробнее...Британдық қаламгердің қазақ елі туралы кітабының тұсауы кесілді
Елімізді 20 жыл бойы зерттеп, кітап жазған британдық жазушы Талдықорғанға келді. Джон Масси Стюарт «Томас, Люси және Алатау. Аткинсондардың Сібір мен қазақ өлкесіндегі бастан кешкендері» кітабының тұсаукесерін жасады.
Подробнее...






