Ақтөбенің шенділері қаланы қоқыстан тазарта алмай отыр. Өйткені, тазалыққа жауапты екі бірдей мекеме жұмысты тоқтататындарын айтқан. Кәсіпорын басшылығы әкімдікетілерге қандай талап қойды? Былтыр қоқыс проблемасын әрең шешкен атқамінерлер биыл қалай әрекет етпек?
Подробнее...Новости
Апат себебі анықталды
Назарбаев әуежайына апатты жағдайда қонған «Скат» әуекомпаниясының ұшағына байланысты тың ақпараттар шықты. Қытайдың Санья қаласынан елордаға бағыт алған әуе кемесінің шинасы сыпырылып түсіп қалған. Абырой болғанда бортта болған 241 адам дін аман. Десе де жолаушылар әбден үрейленіп қалғандарын айтып отыр. Жалпы соңғы кездері дәл осы әуекомпанияның төңірегінде шу көп.
Подробнее...Сайлау болмайды!
Мерзімінен бұрын парламенттік сайлау болмайды! Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев өзі басқаратын партия кеңесінің отырысында айтты. Тұңғыш президент сондай-ақ, блогерлер қауымына да шүйлікті. Соғым алғыш ректорларды да сынады. Тіпті, өзінен кімнің ақша бопсалағанын айтып берді.
Подробнее...Жол азабы: дөңгелектер жарылып жатыр
Талдықорғаннан Балқаш көліне қатынайтын күре жолдың құрылысы 2 жыл бойы тұралап тұр. Соның салдарынан көлге демалуға баратын туристер саны да күрт азайған. Одан бөлек, жол бойындағы 5 ауылдың тұрғындары жол азабын тартып отырғандарын айтады. 30 млрд теңге қаржы жұмсалатын бұл жоба тағы қанша уақытқа созылмақ?
Подробнее...Ольгинка уақытша жабылды
«Сібір жарасы» шыққан ауылдан елордаға ауылшаруашылық өнімдері жеткізілмейді! Бұл туралы үкімет отырысынан кейінгі брифингте Сапархан Омаров мәлімдеді. Сондай-ақ, министр қауіпті індеттің қайдан шыққанын да айтты.
Подробнее...Бала зорлағандар жазасыз жүр
Соңғы уақытта жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық жасау белең алып барады. Мәселен, кәмелетке толмаған Шымкенттік қыз 17 жастағы екі сыныптасының айуандық әрекетінен кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Мұнымен қоймай арсыздар, бұл әрекетін ұялы телефонға түсіріп, видеоны әлеуметтік желіге жүктейміз деп жәбірленушіден ақша бопсалап келген. Әр қайсысына сот 5 жылдан үкім кесті. Бірақ, осыған ұқсас әлі күнге дейін шешім шықпаған зорлау фактісі жетерлік.
Подробнее...Баланы мектепке дайындауға қанша кетеді?
Ұл-қыздарын мектепке дайындауға кіріскен көпбалалы аналар әкімдікке ашулы. Өйткені бөлінген қаражат ештеңеге жетпейді, дейді. Оған қоса, құрал-жабдықтар мен киім-кешектерді арнайы бекіткен дүкендерден ғана алуға рұқсат етіпті. Ал ондағы баға тіптен аспандап тұр екен. Сонымен, бір оқушыны бастан-аяқ киіндіру үшін ең аз дегенде қанша шығын кетеді?
Подробнее...Бейітті күтіп ұстағаны үшін ақша алған
Ақтөбеде бейітті бизнеске айналдырғандардың басы бәлеге қалды. Олар екі жыл бойы марқұмдардың туыстарынан қорымды күтіп ұстағаны үшін заңсыз ақша алып келген. Ал, зираттарды қарауды жекеге сеніп тапсырған әкімдік осы уақыт бойы қайда қараған? Әрекеттері әшкере болғандарға қандай шара қолданылады?
Подробнее...Азық-түлік қымбаттады
Елімізде азық-түлік бағасы тағы да өсіп келеді. Әсіресе жұрт күнделікті тұтынып отырған көкөністер мен ет, ұн өнімдері шарықтап кеткен. Мұны Үкiмет отырысында ұлттық экономика министрi Руслан Дəленовтің өзі айтты. Одан қалды қазақстандықтардың орташа жалақы көлемі артқанымен, тауар сатып алу мүмкіндігі нашарлап барады екен. Осы себепті Премьер-министр азық-түлік бағасын бақылай алмаған әкімдерге шүйлікті. Үкімет басшысы не деді, шенеуніктер шарықтап кеткен бағамен …
Подробнее...Кореяға жұмысқа аттанған әйел сан соғып қалды
Оңтүстік Кореяға жұмысқа аттанған келінішек қарызға белшеден батқан. Сеул қаласына ұшып барған ол әуежайдан ары аса алмапты. «Айына қыруар қаржы табасың» деген жарнамаға еліген біраз адам дәл солай сан соғып қалған. Бұл қызметті ұсынып отырғандар телеарналар арқылы жарнама беріп, әлі де жұмыс іздеген адамдарды аттандырып жүрген көрінеді.
Подробнее...






