14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Новости

Мойнына 30 рет пышақ сұққан!

Мойнына 30 рет пышақ сұққан! Ақтөбеде асқан жауыздықпен сатушыны өлтіріп, тонап кеткен күдікті ұсталды. Қанды қылмыс Қарғалы ауданының орталығы Бадамша ауылында болған. Елді мекенде осындай жантүршігерлік оқиғалар жиі тіркелетін көрінеді.

Подробнее...

Жеке тыңшылардың қызметі сұранысқа ие

Мұқият болыңыз, сізді аңдып жүруі мүмкін. Заңсыз болса да, елімізде күннен-күнге жеке детективтердің жұмысы қызып келеді. Жарнамасы желіде желдей есуде. Көп жағдайда қызметіне жігітінің я күйеуінің адалдығын тексермек болған нәзік жандылар жүгінеді екен. Бағасы да аспандап тұр, кемі жарты миллионнан басталады. Сонда сұраныс неге артып келеді? Құпия тыңшылардың жұмысы қалай жүзеге асады? Тілшіміз олардың өздерімен кездесіп, мән-жайды біліп көрді.

Подробнее...

Альпинистің қызы көмек сұрады

Қар құрсауында қалып қойған альпинистің қызы жұрттан көмек сұрауда. Соңғы рет төрт күн бұрын байланысқа шыққан спортшылардың жағдайы қалай екенін ешкім біле алмай дал. Бір белгілісі, шыңға шыққан 3 альпинисттің бірі көз жұмды. Қалған екеуі ешбір құралсыз қар арасында қалып отыр. Еліміздің сақа альпинистерінен көмек сұраған қыз бейнеүндеу жариялады.

Подробнее...

Ақбұлақта су жоқ!

Алматыдағы білдей бір шағын аудан тұрғындары ауыз сусыз қалуы мүмкін. Биыл елді мекенге магистральды су құбыры тартылған. Алайда тұрғын үйлерге кіргізілмепті. Мердігер компания өкілдері жобада құбырды үйге дейін тарту қарастырылмағанын ескертіп, әркім өз үйіне өзі тарту тиіс екенін ескерткен. Егер бір айдың ішінде орталық су желісіне қосылып үлгермесе, одан кейін ешкімге рұқсат етілмейді екен. Өзге амалы қалмаған Ақбұлақ тұрғындары билік …

Подробнее...

5 аймақтың халқы 1,5 миллионға азаяды

Қазақстанның бес аймағының халқы 1,5 миллионға кемиді! Бұл ақпаратты еңбек ресурстарын дамыту орталығы хабарлады. Олардың болжамына сай, керісінше мұнайлы өлкелерде халық 1,36 миллионға артады. Осылайша,Қазақстанда бұрын-соңды болмаған демографиялық теңсіздік пайда болуы мүмкін. Сонымен, бестікке кірген аумақтар қандай? Дәл осы аймақтарда жұрт не себепті азаймақ?

Подробнее...

Пластикалық отаға 5-6 млн теңгесін жұмсауда

Кейінгі уақытта елімізде сұлу болып көрініп, талдырмаш денесімен көпшіліктің көзіне түсу үшін пластикалық операция жасататын жандардың қатары көбейген. Тіпті, бұл шаруаға арнайылап бір емес 5-6 миллион теңгесін аямай құятын нәзік жандар да бар екен. Ажарлы боламын деп жүргендердің көздегені қандай? Мамандар клиникаға бармас бұрын нені білуді талап етеді?

Подробнее...

Кісісі өлген қаралы үйдің шашылуы дұрыс па?

Елімізде анау-мынау мерекеден еш кем түспейтін ас беру рәсімі сәнге айналып барады. Жұрт күліп кетеді деп, дүниеден өткен адамды жерлеуден кейін жүздеген адамға ас берілді, шапан, тақия, орамал, таратылды. Жалпы, кісісі өлген қаралы үйдің осыншалық деңгейде шашылып, шабылуы дұрыс па? Оған қатысты уағыз айтып жүрген имамдардың да желіде тарап жүрген пікірлері әр түрлі. Бірі жетісін, қырқын және жылын беру шариғатта …

Подробнее...

Қыз ұзататындар көбейді

Бүгінгі қазақтың тойының сәні артқанымен мәні жоғалып барады. Белгілі кәсіпкер қыз ұзату тойында сыңсу айтатын әншілерді сынға алды. Бұл күнде «жұлдыз» санатына енгендер қомақты қаражатқа бірде қыз ұзатып, енді бірде тұсау кесіп жүр екен. Анығында мұндай ырым-жоралғыларды кім өткізуі керек?

Подробнее...

Ұстаздардың жалақысы 2 есе өседі

Ұстаздардың жалақысы екі есе өсетін болды. Бірақ… 4 жылдан кейін. Мұндай тапсырманы тамыз конференциясына қатысқан мемлекет басшысы берді. Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ, ел арасында қызу талқыланған үш тілді білім беруге қатысты да байлам айтты. Енді ағылшын тілін бірінші сыныптан емес, қалауынша, бесінші кластан бастап оқуға болады. Оқу бағдарламасына «кәсіпкерлік пен бизнес негіздері» атты пән енуі мүмкін.

Подробнее...
X