14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Новости

Ауыл дәрігерлеріне мүмкіндік

Ауыл дәрігерлерін үлкен өзгерістер күтіп тұр. Өйткені, жақында олардың жалақылары көтерілмек. Сондай-ақ, ақ халаттыларға ең үздік мамандардан білім алып, біліктілігін арттыруға қолайлы сәт туды. Бұның барлығы ауылдарға медициналық сақтандыру жүйесін енгізу арқылы жүзе асырылады. Осы бағытта ауруханаларға қыруар қаражат қарастырылуда.

Подробнее...

Шенеуніктер саны жапониядан 80 есе көп

Еліміздегі шенеуніктердің саны Жапониядан 80 есе көп. 128 млн халқы бар күншығыс елінде нәбәрі 9 мың, біздің елде 18 млн тұрғынның басына 100 мың атқамінерден келеді екен. Бұл бюджетке орасан зор салмақ, соншама шенеунікті ұстау үшін жыл сайын миллиардтаған қаражат артық шығындалып жүрміз дейді сарапшылар. Ал енді бір мамандар экономиканың дамуын жеделдету үшін шенеуніктер қатарын қысқарту керек деу де қателік …

Подробнее...

Әкім кешірім сұрады

Текелі қаласының әкімі тұрғындардан кешірім сұрады. Бахтияр Өнербаев тұтастай бір моноқаланың ауызсу мәселесін шеше алмай жатқанын мойындап отыр. Өйткені, тұрғындар тіршілік нәрін бастаудан тасуға мәжбүр. Ал, орталықтандырылған ауызсу ішуге жарамайтын көрінеді. Күн ысыса, лайланып кетеді екен. Текелі қаласы тұрғындарын жаз бойы әбігерге салатын бұл мәселе қашан шешілмек?

Подробнее...

Арыстағы бұзылған баспана дауы

Арыс қаласында мемлекеттен көмек алмақшы болып, басыбайлы баспанасын балталап тастады делінген ер адамға қатысты ақпарат ойламаған жерден басқаша өрбіді. Үй иесі керісінше, мемлекеттік көмектен бас тартып, мұқтаж жандарға жәрдем берілуін осы әрекетімен талап етпек болған. Біздің арнаға сұхбат берген азамат, өзі туралы жалған ақпар тарағанын айтып, ағынан жарылды. Сонда әлеуметтік желілерге жар салған облыс әкімінің кеңесшісі жалған жазба жариялаған ба?

Подробнее...

Елімізде суицид жасағандар саны артып барады

Еліміз суицид көрсеткіші бойынша әлемде алдыңғы орындардың қатарында. Ал жасөспірімдер арасында өз өзіне қол жұмсау жағынан Орталық Азия құрлығында тіпті бірінші орынға шыққан. Азаматтарымыз неге өз өмірін қиюға жиі барады? Не түрткі?

Подробнее...

Адам қалдықтары өртеліп жатқаны рас па?

https://youtu.be/o9XwismZScw Елорда іргесіндегі 96 разъезд тұрғындары өз үйлерінің жанындағы медициналық қалдықтарды жоюға арналған цехтың жұмысына қарсы. Өйткені, ол жерден шыққан түтіннен демалу мүмкін емес дейді. Жеке кәсіпкермен 4 жылдан бері күресіп келе жатқан жұрттың шыдамы әбден таусылыпты. Нұр-Сұлтанның барлық медициналық мекемелерінен шыққан қоқыс осында төгіледі екен. Тіпті, әлеумет адам қалдықтары сол маңдағы қаңғыған ит-мысықтардың жемтігіне айналуда деп дабыл қағып отыр.

Подробнее...

Бүлдіршіннің тағдыры не болмақ?

Ақтөбеде ВИЧ жұқтырып, сал ауруына шалдыққан 4 жасар қыз бір апта бойы қараусыз қалған. Шешесі қайтыс болған соң өгей әкесі мен ағайындары балаға бас-көз болудың орнына, ішімдік ішуден қолдары тимеген. Тіпті, ешкім біліп қоймасын деп қызды жасырып қойған дейді көршілері. Әбден арып-ашып, әлсіреп, кір-қожалақ болған бала туралы да көмек сұрап, дабыл қаққан солар екен. Бүлдіршіннің қазіргі жағдайы қалай?

Подробнее...

150 оқушы қайда бармақ?

Қызылордада 150-ден астам оқушыны ешбір мектеп қабылдамай бас тартуда. Бұл жаңадан салынған «Бәйтерек» ықшамауданындағы балалар екен. Тың ауданға тиесілі білім ошағы болмағандықтан, ата-аналар маңайдағы барлық мектепке өтініш беріпті. Алайда, барлығы «орын жоқ» деп, шығарып салған. Енді бармаған жері, баспаған тауы қалмаған ата-аналар қайтпек?

Подробнее...

Баланың өліміне емші кінәлі ме?

Қолы сынған баласын халық емшісіне апарған шымкенттік ата-ана қайғыдан қан жұтып отыр. Олар ұлын дер кезінде дәрігерге көрсетпегені былай тұрсын, баласының жарақатын асқындырып алыпты. Оның арты орны толмас қайғыға ұласып, жасөспірімді қараған сынықшы тергеуге алынған. Ал оның әйелі болса, кінәнің бәрі сыныққа салғырттық танытқан ерлі-зайыптыларда дейді. Оқыс жайттан соң емшінің өзі стресске түсіп, бірнеше рет жәдел дәрдем көмегіне жүгінген.

Подробнее...

Қызыл пакетті кім алды?

Дау туғызған пакет. Қырғыстанның бұрынғы президенті билікке берілуге келіскен кезде, ішкі істер министрінің орынбасары Курсан Асанов пен Атамбаевтің ортасында жатқан қызғылт пакет әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Оның ішінде құпия құжаттар, алтын мен гауһар тастар болған деген мәлімет бар. Дегенмен экс-перзидент билікке берілген кезде, оның қайда жоғалып кеткені белгісіз.

Подробнее...
X