Елімізде онкологиялық ауруларды анықтау тегін болмақ. Осы арқылы мамандар обыр сияқты қатерлі дерттің бар-жоғын біліп қана қоймай, оны емдеудің тиімділігін арттыратындарына сенімді. Міндетті әлеуметтік сақтандыруды негізге алған дәрігерлер еуропалық мемлекеттердің көрсеткішіне жету жоспарларында бар екенін айтты.
Подробнее...Новости
Пошта қызметкерлері ақша ұрлаған
Ақтөбеде пошта қызметкері зейнеткерлер мен жәрдемақы алатын жұрттың банк картасындағы ақшасын ұрлаған. Айласын жасыру үшін әркімнің картасынан әртүрлі соманы шешіп алып отырыпты. Зейнетақыларының ұрланып жатқанын тұрғындар бірден байқамаған. Алты ай өткенде барып сан соққандарын түсініпті. «Қазпошта» қызметкерінің қитұрқы әрекеті қалай әшкере болды? Сан соғып қалған қарапайым тұрғындардың ақшасын кім өтейді?
Подробнее...Сел қаупі сейілген жоқ
Бүгін алматылықтар сел жүру қаупінен сескеніп оянды. Төтенше жағдай мамандары мен полиция көшелерді аралып, тұрғындарға құжаттарын алып дереу далаға шығуды ескерткен. Қарғалы өзеніндегі судың мөлшері бірден 20 мың текше метрге артып кетіпті. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.
Подробнее...Сенаторлар ауысты
Атқарушы билікпен қатар заң шығарушы органда да ауыс-түйіс түйіс болды. Біраз сенатор зейнеткерлер қатарын толықтырса, екеуі лауазымды қызметке тағайындалып отыр. Ал жоғары палатадан екі бірдей журналист мандатқа ие болған. Бұрынғылары несімен есте қалды, ал жаңасы не тындырмақ?
Подробнее...Шетелден әкелінген көліктердің машақаты
Шетелден әкелінетін көліктерді 10 тәуліктің ішінде уақытша тіркеуге қою қажет. Мұндай бастаманы ІІМ көтеріп отыр. Себебі, соңғы уақытта еш жерде тіркелмеген машиналар жол ережесін өрескел бұзып, айыппұлдан сытылып кетіп жатыр. Бұл соның алдын-алу үшін жасалып отырған қадам екен. Егерде заң алдағы уақытта қабылданса, қол жетімді бағаға Армениядан көлік әкелген азаматтарға қайтпек керек?
Подробнее...Бөлінген қаржыны бір айда игереміз!
Бір айда игереміз! Бөлінген қаражатты жұмсап үлгереміз! Бүгін Үкімет отырысында министрлер мен әкімдер жылдағы әніне салып, айтып ауыздары үйренген уәделерін үйіп төкті. 7 айдың ішінде жаратпаған миллиардаған соманы сұранып тұрған салаларға бағыттаймыз деп сендірді.
Подробнее...Жаңа жүйенің артықшылығы
Баласын 6 жастан мектепке бермейтіндерге айыппұл салынбайды
Баласын 6 жастан мектепке бергісі келмейтін ата-аналарға ешқандай айыппұл салынбайды! Үкімет отырысынан кейінгі журналистермен жүздесуінде Асхат Аймағамбетов осылай деп мәлімдеді. Министрдің айтуынша, кейбір оқушыларға мектеп табалдырығын 8 жастан аттауына да рұқсат. Білім министрі тағы не айтты?
Подробнее...Бес қызынан айырылған ерлі-зайыпты бала асырап алғысы келеді
Бала асырап алғымыз келеді! Алапат өртте бес бірдей қызынан айырылған ерлі-зайыпты ауыр қайғыдан соң алғаш рет сұхбат беріп, жоспарларымен бөлісті. Ел қабырғасын қайыстырған оқиға осыдан жарты жыл бұрын болып еді. Сол кезден бері Евгений мен Жанымгүлді жұбатқандар да, сөккендер де, қайғыдан қаржы таппақ болғандар да шыққан.
Подробнее...Мал қорымымен іргелес жатқан ауыл балаларының үстін жара қаптаған
Алматы облысындағы Долан ауылының тұрғындары өлексенің иісіне тұншығып отырғандарын айтып арнамызға шағымданды. Елдімекеннің дәл іргесінде жануарлар қорымы бар екен. Онда ауру жан-жануарлардың өлексесі тасталатындықтан балалардың үстіне жара қаптай бастады деп дабыл қағуда. Ал ветеринарлар мал қорымына жақын үй салған тұрғындардың өздерін кінәлауда. Тақырыпты тараптардың пікірін тыңдап қайтқан тілшіміз тарқатады.
Подробнее...






