200 млн теңгеге орнатылған еуропалық үлгідегі қоқыс контейнерлерінің пайдасынан зияны көп! Тұрмыстық қалдықтың астында қалудан қауіптенген талдықорғандықтар осылай деп дабыл қақты. Былтыр ғана қойылған 300-ге жуық жәшік құр қаңсып қалған. Ал, оның маңы дер кезінде тазаланбағандықтан, айналаны қауіпті кеміргіштер жайлап алыпты. Содан сескенген әлеумет ертең қандай да бір індет тарайды ма деп үреймен өмір сүруге мәжбүр.
Подробнее...Новости
Оңай несиеден опық жеді
Елімізде жылдық пайыздық үлесі 1 000 процентке дейін баратын микрокредиттік ұйымдар көбейген. Бұл мекемелер тұтынушы туралы еш мәліметті тексермей кез-келген көлемдегі несиені бере береді екен. Тіпті, жұмыс істемейтін студенттердің өзіне еш кедергі жоқ. Осылайша, баласы жеңіл несиеге ұрынып, қарызға батқан қарағандылық тұрғын арнамызға шағымын айтты. Бұл не деген батпан құйрық?
Подробнее...Мұнай базасы маңындағы жұрттың базынасы
Бақандай 11 мұнай базасының ортасында отырған елорда іргесіндегі елдімекен тұрғындары көшірілуі мүмкін. Алайда бензин иісіне тұншықса да кейбірі қауіпті тұрағын тастағысы жоқ. Керісінше кейіннен келген мұнай базаларын көшірсін деуде. Енді бір топ ұсынылған пәтерге разы болмай, қарсылық білдіруде.
Подробнее...Жаңа жолдың машақаты
«ҚазАвтоЖол» ағып жатқан өзенімізді көміп тастады! Ерейментау ауданына қарасты Сайдалы елді мекенінің тұрғындары біздің редакцияға хабарласып осындай шағымын айтты. Жаңадан салынған жол бұл жақтың тұрғындарының тұрмысын жеңілдеткеннің орнына қиындатып жіберген көрінеді.
Подробнее...Жер дауы
Шымкентте «мемлекет мұқтаждығы үшін» деп алынған жер телімінен шу шықты. Қызыл сызық бойына орналасқан ұлтарақтай учаскіні әкімдік қызметкері қыруар қаражатқа сатпақшы дейді біздің арнаға хабарласқан көрермен. Оның сөзінше, жер қатынастары басқармасында жұмыс істейтін шенеунік әлгі жерді бір кәсіпкердің атына аударып, кейінен ұлы мен келініне сатып әперген көрінеді. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс?
Подробнее...Мұнайшылар үстемақы талап етуде
Ақтөбелік мұнайшылар маңдай терімен тапқан миллиондарын ала алмай, сот жағалап жүр. Өздерінің есептеуінше компания әрқайсына 2 миллион теңгеден астам берешек көрінеді. Ал жұмыс беруші сотқа шағым түсіргендерге экологиялық үстемақыны төлеуге асығатын емес. Ұжымдық келісім-шартта көрсетілгенді компания неге осы уақытқа дейін орындамай келген? Жұмысшылардың талабы не болады?
Подробнее...Көшеде қайыр сұраушылар көбейді
Құрбан айт кезінде Елордада шеттен келген қайыр тілейтін жандар қаптап кетті. Мешіттің жанын торуылдап, өткен-кеткен адамдардың мазасын алып жүр. Тіпті, оны қойып көршілес елдерден келген мигранттар сауда орталықтары мен көшеде кетіп бара жатқан көліктерді тоқтатып ақша сұрайтын болған. Қазір қалада 2 мыңнан астам келімсек көше кезіп жүр. Бұл жөнінде көші-қон полициясы не дейді?
Подробнее...Көктөбедегі өрт
Кешелі бері Алматыда екі бірдей ірі өрт болып, бір адам көз жұмды. Қазір полиция себеп-салдарын анықтау үстінде. Ал тұрғындар тілсіз жаудан емес, салдарынан қорқып отыр. Ал бүгін қуарған шөп қайта тұтанып 10 гектарға жуық аумақты жалмап үлгерген.
Подробнее...Миллион теңге ұтып алды
Елімізде тағы бір адам миллионер атанды. 30 жастағы келіншек ойламаған жерден мол ұтысқа ие болып, байып шыға келген. Кейіннен белгілі болғандай, қомақты қаражат «3 желания» сауда белгісінің акциясынан бұйырыпты. Аяқ астынан бай-манаптардың қатарына қосылған «жеңімпаз» енді ұтыс ақшасына зәулім ғимарат салмақшы.
Подробнее...«Бизнес по-казахски» Кореяда
Қазақстандықтардың сүйікті фильміне айналған «Бизнес по-казахски» төртінші бөлімінің түсірілімі басталды. Енді түсірілім тобы Онтүстік Кореяға аттанбақ. Картинаның тұсаукесері желтоқсан айына жоспарланыпты. Түсірілім тобындай тосын сый дайындап отырғанын тілшілеріміз біліп қайтты.
Подробнее...






