9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Новости

4-5 жастағы бүлдіршіндерді зорламақ болды

Батыс Қазақстан облысында тағы екі кішкентай қыз қасқөйдің құрбаны болды. Небәрі 4-5 жастағы бүлдіршіндер апалы-сіңлілі екен. Олар туысқандарының үйіне уақытша қыдырып келген. Көрші аулаға ойнауға барған қаршадай қыздарды зорламақ болған кім?

Подробнее...

Атамбаев ұсталды

Қырғызстанның бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаевқа қандай айыптар тағылуы мүмкін? Әзірге белгілісі экс-президенттің адвокаты атап өткендей ол жемқорлыққа қатысты болуы мүмкін. Сондай-ақ Әзиз Батукаев ісіне қатысты да Атамбаевқа айып тағылмақ. Қылмыстық ортада беделді Батукаевты түрмеден босатып, шетел асырып жіберуге экс президент мұрындық болуы мүмкін-мыс, деп мәлімдеуде қорғаушы. Сонымен Қырғыз еліндегі тағы бір саяси дағдарыстың салдары неге алып келуі мүмкін?

Подробнее...

Алматы жұрты әкіммен кездесті

Ең кедей ауданның тұрғынымыз. Не жолымыз, не жарығымыз мандымаған. Әкіміміз жұмыс істемейді. Алматының жаңа әкімімен алғаш кездескен Алатау ауданының тұрғындары осылай деп шағымданды. Өтініштері жылдап орындалмайтынын айтып, тіпті аудан әкімінің жұмыс істемей отырғанын жеткізді. Шаһар басшысы арық сөйлеп семіз шығу үшін уәдені үйіп төгуден гөрі оны шешудің жолдарымен бөлісті.

Подробнее...

Ойын автоматтарының жұмысы қызып тұр

Алматыда бір апта бойы заңсыз ойын автоматтары тәркіленіп, терминалдар орналасқан жерлер жаппай жабылып жатса, басқа өңірлерде мұндай шаралар тіпті басталмапты да. Өйткені құзырлы органдар шағым түспейінше, тексеріс жүргізе алмаймыз, дейді. Сонда бұл тұрғындардың бей-жай қарауы ма, әлде өзге аймақтарда заңсыз терминалдардың жоқтығы ма? Оны қала бойынша арнайы рейд жүргізген тілшіміз біліп көрді.

Подробнее...

Жарына жұдырық ала жүгіретіндер көбейген

Биылғы жылдың жеті айында астанада күйеуінен таяқ жеп, зорлық көріп дағдарыс орталығына түскен әйелдердің саны 50-ден асқан. Бұл полицияға шағым айтып тіркелгендердің бір бөлігі ғана. Психолог мамандардың айтуынша көптеген қыз-келіншектер күнделікті тепкіге көніп өмір сүріп жатыр екен. Кейінгі уақытта жарын соққыға жығатындардың саны неге көбейді?

Подробнее...

Елордада көпір салғандар 8 ай жалақы алмаған

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Нұрлы жол» вокзалы мен Нұрсұлтан Назарбаев әуежайын жалғайтын көпірге қатысты дау туды. Оны салып жатқан жұмысшылар 8 айдан бері жалақы алмадық деп шу көтерді. Жыл басталғалы көк тиын көрмеген 150-ден аса құрылысшы бар екен. Бірсыпырасы даулы көпірге келіп, ақша болмайынша кетпейміз деп бекінген. Олжас Сайлаубекұлы

Подробнее...

Құшақтасудан пышақтасуға дейін

Кешелі бері қырғыз елінен суыт хабарлар келіп жатыр. Бұрынғы Президент Атамбаев пен қазіргі билік арасы ушығып барады. Атыс болды. Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын Қырғыз Прокуратурасы бұрынғы президенттің алты қылмысқа қатысы барын мәлімдеген еді. Іле-шала Жогорку Кенеш Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдады. Полиция үш рет тергеуге шақырғанда да бармаған Атамбаевты кеше арнайы жасақ тұтқындау үшін Қой-Ташыдағы үйіне …

Подробнее...

800 келіншек зорланған

Елімізде жыл басынан бері 800 келіншек сексуалды шабуылдың құрбаны болды. Күдіктілер бұрымдыларды әр түрлі жерден тосып алып отырған. Бірі жаман ойын жеделсатының ішінде асырса, енді бірі көлікке отырғызып, ешкім естімейтін, көрмейтін жерге апарып зорлаған. Статистикаға сенсек мұндай фактілердің дені Алматы мен Алматы облысында тіркеліпті. Алайда, мамандар деректер шындыққа жанаспайды, әсілінде құрбандардың саны бұдан да көп деп дабыл қағып отыр.

Подробнее...

Науқас баланың еміне арналған ақша ұрланған

Ақтөбеде ерлі-зайыптылар қас пен көздің арасында 1,5 млн теңгесін ұрлатып алды. Қомақты қаражат аутизмге шалдыққан 4 жасар ұлдарының еміне арналған екен. Ұрылар тапа талтүсте көліктегі ақшаны қалай қолды қылды? Дімкәс баласымен ем алу үшін жолға шыққалы отырған ата-ананың шағымын кім тыңдайды?

Подробнее...

Жарылысқа кінәлілер жазаланды

Өзіне жүктелген міндеттерді дұрыс атқармағаны, оқ-дәрілерді көшіру бағдарламасын орындау кезінде өз қызметіне салғырт қарағаны үшін бұрынғы қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Қарулы күштер қатарынан шеттетілді. Ал, оның орынбасарлары қатаң сөгіс алды. Аталған өкімге еліміздің жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. 4 тұрғынның өмірін жалмап, 45 мыңдай халқы бар Арысты бір ақ күнде тас талқан еткен жарылыстың себептері әлі анықталып жатыр. …

Подробнее...
X