14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Новости

ЕЛІМІЗДЕ ЖАҢА ВИРУС ӨРШІП ЖАТЫР

Пандемияның азабын халық енді ұмыта бергенде елімізде тағы қорқынышты вирус пайда болды! Бір қызығы мұрын бітеліп, өкпе қысылмайды, бірақ дене қызуы түспей күйдіреді. Әсіресе, балалар арасында кеңінен тарап жатыр. Ал, емдеуге келгенде бір Астана қаласының өзінде ауруханада науқас қабылдайтын орын жоқ.

Подробнее...

ЖАҢА ҮЙДЕ ЖЫЛУ ЖОҚ!

Жамбылда жылы жаңа болғанымен, жыры бітпейтін шағын аудан бар. Ол жердегі жұрт үйі кең болса да, бір бөлмеге тығылып отыруға мәжбүр. Сосын тамақ істесе де, істемесе де, газды өшіруге қорқады, тәулік бойы көгілдір отын жанып тұрады.

Подробнее...

ЖАБАЙЫ ТҮЛКІ АДАМҒА ШАПТЫ

Ауылдағы ағайыннан маза қашты. Жабайы аңдар елді-мекендерге еркін кіріп, адамдарға шауып жатыр. Сырт көзге сүйкімді көрінетін жануарлар тұрғындарды тістеп, құтырма ауруын жұқтыруда. Жақында Қостанай облысында жабайы түлкі бір келіншекті қыршып алған. Зәресі ұшқан тұрғын үйдің шатырына шығып, әрең құтылыпты.

Подробнее...

ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ЖАБЫНЫ ҚҰЛАП, ЕКІ ФЕЛЬДШЕР ЗАРДАП ШЕКТІ

Өзгеге жәрдем берем деп, өзі жазым болды. Астанада көпқабатты тұрғын үйдің сыртқы жабыны опырылып, бірнеше адам зардап шекті. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкері үйінді астында қалған тұрғынға көмек көрсетуге кіріскен сәтте, төбеден кондиционер құлаған. Ер адамды өлім аузынан аман алып қалған дәрігердің өз жағдайы қалай? Науқастың туыстары кімге наразы?

Подробнее...

200 АДАМ ОПАТ БОЛДЫ

Дональд Трамп әскери базаға барып еді, сарбаздар уланып қалды. Президенттің келіп-кеткені сол екен, жауынгерлер белгісіз бір ұнтақтың кесірінен сұлқ түсіпті. Ал, Ұлыбританияда қарулы күштердің қызметкерлері керең болып жатыр. Жаңа техниканы сынақтан өткізген сарбаздардың құлағы ауырлап, естімей жатқан көрінеді.

Подробнее...

КИІК ЕТІН ЖЕУГЕ БОЛА МА?

Еттің бір келісі — 1900 теңге. Ақбөкеннің еті қазір базарда осындай бағада саудаланып жатыр. Кей адам оны еш ойланбастан сатып алса, өзгесі оның құрамына күмәнмен қарайды. Себебі жазық далада еркін жайылған жануардың ауру тасымалдауы әбден мүмкін. Ал шындығында, бұл ет қайдан келіп жатыр? Оны жауапты министрлік қадағалап жатыр ма?

Подробнее...

АҚ ҮЙ МЕН АҚОРДАНЫҢ АРАСЫ ЖАҚЫНДАЙ ТҮСТІ

Ақ Үй мен Ақорданың арасы жақындай түсті. Вашингтонға сапары барысында Мемлекет басшысы маңызды мәмілелерге қол жеткізді. Көпвектолы саясат ұстанған біздің елмен байланысын нығайтуға Дональд Трамп та кетәрі емес. Қазақстан мен Құрама Штаттар арасында жалпы сомасы 17 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойды.

Подробнее...

АТЫРАУДА БАЛЫҚ КӨБЕЙДІ

Атырауға балық қайта оралды. Бір кездері су маржандары тайдай тулап, жағаға шығып жататын Жайықтың соңғы уақытта сыйқы әбден кетіп қалған еді. Биыл табиғат ана ерке өзеннің тынысын қайта ашқандай. Биыл өңірде желбезектілер жылдағыдай емес көп шығып жатыр. Бұған жергілікті жұрт былтыр көктемдегі су тасқыны себеп болуы мүмкін деп толшылайды.

Подробнее...

КӨП БАЛАЛЫ АНА «АДАЛ АЗАМАТ- 2025» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Ерлерге дес бермеген ержүрек қыз! «Адал азамат 2025» байқауының биылғы жеңімпазы анықталды. Шолпан Әбдіхалықова еліміздегі ең алғашқы ірі гранит зауытын салған нәзік жан екен! Төрт баланың анасы отандық өнімді тиімді пайдалана отырып шетелге экспортты жүзеге асырған.

Подробнее...

ДРОНДАР МАЗА БЕРЕР ЕМЕС

Балқан түбегіндегі қарбалас. Югославияның мұрагері саналатын Сербияда шеру басталды. Белград алаңына жиналғандардың саны соңғы деректерге сәйкес, 50 мыңға жақындап қалыпты. Халық Нови-Сад қаласындағы қырғын құрбандарын еске алуға арнайы келген. Ал, Дональд Трамп тағы да шүйлікті. Бұл жолы АҚШ президенті Оңтүстік Африканы сынға алып, Йоханнесбургте өтетін Үлкен жиырмалық елдерінің саммитіне қатыспайтынын мәлімдеді.

Подробнее...
X