10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Новости

БАЛАЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ОТЫРУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Үкімет балаларға әлеуметтік желіде отыруға тыйым салмақ. Себебі ғаламторда кәмелетке толмағандардың психикасын бұзатын, тіпті, өміріне қауіп төндіретін зиянды материалдар тым көп екен. Ұлыбритания билігі қазір осы мәселені қарастырып, білім беру саласындағы мамандар ақылдасып жатыр. Яғни, 16-ға толмағандар әлеуметтік желіні қолдану үшін алдымен ата-аналарының рұқсаты қажет болуы мүмкін.

Подробнее...

САМҰРЫҚ АТЫНАН АТ ҮРКЕТІН ҚОРДАН АҚША АЛҒАН

«Самұрық-Қазына» қорының микроқаржы ұйымдарын қаржыландырып келгені қаншалықты рас? Бұндай сыбыс БАҚ-да жарияланды. Атап айтқанда, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында сатылған әр билеттен үлес алатын жеке серіктестік жайлы ақпарат тарады. Онда «Инстант Пейментс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 9 жыл ішінде ұлттық компаниядан 5 миллиард, 700 миллион теңге табыс тапқаны жазылған. Ол компанияның қазіргі қожайыны кезінде «Оператор РОП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қызмет еткен …

Подробнее...

СУСЫЗ МЫНАУ ЖАЛҒАНДА, ӨТЕР МЕ ЕДІМ АРМАНДА

Түркістанда облысында еңбектеген баладан бастап, еңкейген қарияға дейін тістері сарғайып, тіпті үгітіліп жатыр. Ордабасы ауданының тұрғындары сапасыз судың кесірінен осындай жағдайға душар болдық дейді. Ал, ауыл округтің іргесіндегі және ішінен өтетін таза ауыз судың құбырлары жаздан бері жайрап жатыр. Салдарынан, қарапайым қараша қазылған шұқырлардан аяқ алып жүру мүмкін емес деп ызалы.

Подробнее...

ЕҢ ЕСТЕ ҚАЛҒАН КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР

Биылғы жылды кадрлық өзгерістер, Үкіметтегі ауыс-түйістер жылы десек, өтірік айқанымыз болмас. Қоян жылы бастала салысымен, Президент жаңа министрлер мен әкімдерді тағайындай бастады. Арасында әр жылдары ат ауыстырып мінетін, халық жақсы білетін адамдар да, ел-жұртқа мүлде бейтаныс жап-жас кадрлар да бар. Сонымен биыл Үкіметке кімдер келіп, кімдер кетті?

Подробнее...

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ?

Аққала, жапалақтап жауған қар, түрлі-түсті ойыншықтар мен жарқ-жұрқ еткен шамдар. Мұның бәрі баршамыз асыға күтетін Жаңа жыл мерекесінің көркін келтіреді. Бірақ, мейрамның басты символының бірі — шырша екені белгілі. Қылқанжапырақ пен Жаңа жылды не байланыстырады? Шыршаны сәндеудің сыры

Подробнее...

ЖАҢА ЖЫЛДА ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫСТЫҢ БАҒАСЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

Жаңа жылда ұялы байланыстың бағасы қандай болады? Елімізде тексеріс басталып, атышулы операторларға тықыр таянды. Олар ешкімнен сұрамай, тарифтерінің құнын 57 пайызға дейін көтеріп жіберіпті. Енді жауапқа тартылатыны сөзсіз. Бірақ бұдан ел не ұтады? Ай сайынғы төлем арзандай ма, әлде ақшалары қайта ма?

Подробнее...

АСТАНАДА ҚОРҚЫНЫШТЫ КАФЕ БАР

Кез-келген сәтте алапат жарылыс болуы мүмкін. Қаладағы көпқабатты үйдің тұрғындары күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылды. Қарашаның көңілін күпті еткен ұлттық тамақтарды әзірлейтін дәмхана. Қорқынышта жүрген тұрғындар арнамызға көмек сұрап жүгінді. 70-тен астам жанұяның бас қайғысына айналған не мәселе?

Подробнее...
X