2:05 Тікелей эфир «АЙНА» бағдарламасы
2:30 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Новости

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ АЛАМЫЗ ДЕП ҚАРЫЗҒА БЕЛШЕДЕН БАТТЫ

Субсидия салған сергелдең! Алматы облысында шаруаларға демеу болсын бөлінген жеңілдетілген несие қожалық иелерінің қарбаласқа түсірді. Мемелкеттен берілуі тиіс демеу қаржыны жүздеген жан ала алмай отыр. Салдарынан қарызға белшеден батып, үйі мен жинаған мал — мүлкінен айырылудың сәл алдында тұр. Ал аймақ әкімдігі әзір беретін қаржымыз жоқ деп аузын қу шөппен сүртуде.

Подробнее...

ТАРИФ ТАҒЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ

Сіз тарифке қанша теңге төлейсіз? Өйткені, келер жылдан бастап интернеттің бағасы 15-20 пайызға тағы қымбаттайды. Ал байланыстың сапасына келгенде суыртпақтап сөйлеуге мәжбүрміз. Өйткені, ауылдағы ағайынды айтпағанда қаладағы қараша интернетке жарымай жүр. Қысқасы жүктемені көтермейді, төлегенің өтелмейді. Сөйте тұра бағаны аспандата беретін компанияларға «қой» дейтін қожа бар ма өзі?

Подробнее...

ЖАҢА АУДАНДА – СУ ДА, ЖАРЫҚ ТА ЖОҚ!

Өскеменнің халқы тас қараңғыда күнелтуге мәжбүр. Сағаттап жарық өшіп, ағайын ыстық астан ада, тіпті таза киімнен кенде қалады. Себебі кейде тамшылап ағатын суға да зар болатын көрінеді. Шығыстың төріндегі жаңа ауданның шырғалаңы көп мәселе қашан шешіледі? Қарашаның су мен жарық проблемасын әкімдік біле ме?

Подробнее...

КІМДЕРДІҢ НЕСИЕСІ КЕШІРІЛЕДІ?

Қазақстанда 8, 5 миллион адамның несиесі бар. Олар бас аяғы 23 триллион теңге қарызға батқан. Көбі кредитті үйге техника алудан бастап, көлік пен ипотека үшін рәсімдеген. Алайда сол қарызды алуын алып, оны өтей алмай әлек болып жүрген саны да көп. Бұған банктердің жоғарғы пайыздық мөлшерлемесі себеп. Бүгін Мәжілісте осы мәселе қаралып, депутаттар біраз сауал жолдады.Енді ипотека мен ақшалай несие кімдерге …

Подробнее...

ПЫШАҚТАН ҚИЫЛҒАН ҒҰМЫР

Түркістан облысындағы тағы да бір сұмдық жағдай. Төле би ауданында 19 жастағы жігіт жүрек тұсына сұғылған пышақтан көз жұмды. Ал, оны өлтірген көрші ауылдың бозбаласы онысымен қоймай марқұмның ағасын да суық қарумен жаақат салыпты. Қайта жәбірленушіге дер кезінде көмек көрсетіліп, аман қалды. Әйтпеген жағдайда бір отбасы екі ұлынан айырылуы мүмкін еді.

Подробнее...

МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ ӘДІЛДІК ІЗДЕЙДІ

Азаптан соң ажал құшты. Жамбылда осылай деген ана баласының өз-өзіне қол жұмсағанына дегенге сенбейді. Айтуынша, 40 жастағы ұлын әлдебіреулер асқан қатыгездікпен ұрып, денесіне ауыр жарақат салған. Тіпті жыныс мүшесіне дейін зақым келтіріп, тырнақтарын сындырғанын айтып жыларман Әділдік іздеп әлек болған жандар кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етті.

Подробнее...

АУАДА ҚАЛҚЫП ТҰРҒАН АУЫЛ…

Алматы облысында «жібек жолы» пайда болды. Таспен қашап, ағаш төселген арқан көпірін де іліп қойған. Гиннес кітабына ену үшін емес, тіршілігі қайнаған ауылдың арғы бетіне өту үшін өздері қолдан жасап алған. Көктемде өзен толса, суды кешеді, батпақта резеңке етік киеді. Қыста оп оңай құздан сырғанап түседі. Айтсаң елге ұятты, айтпасаң, азапты өмірді 4 мың адам тартып келеді.

Подробнее...

БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТАҒЫ БЕТБҰРЫС

Ауыл — небір қара күш иесін тудырып, ел абыройын асырған саңлақтар шыққан мекен. Енді Қазақстанның әр қиырындағы қарадомалақтар жаппай спортпен айналыса алады. Биыл елімізде «Балалар спорт залдары» жобасы бойынша елді мекендерде жүздеген спорт залы салынып, пайдалануға берілді. Бүгін үкімет отырысында бұқаралалық спортты дамытудағы бетбұрыстар жайлы айтылды.

Подробнее...

300 ОТБАСЫ ЖАРЫҚТАН ТАРЫҒЫП ОТЫР

Петропавлда 300 отбасы жарықсыз отыр. Олар күн батпай кешкі тамаған ішіп алуға асығады. Тіпті қарашаның қара суығында киіммен ұйықтауға мәжбүр. Өйткені, ел жарықтан тарықса, ауыз су мен жылудан да қағылады. Жұрт электр желісінің жырын айтып құзырлы органдардың табалдырығын талай тоздырған. Алайда шенеуніктер елдің шағымына мойын бұрмапты.

Подробнее...

СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНА БАРҒАНЫМА ӨКІНЕМІН!

Семей полигонының зардабы жеті ұрпаққа тарайды. 1988 жылы алданып әскерге кеткен жастар қазір 50-ді еңсерген ел ағалары. Бірақ, немеренің қызығын көріп, қуанышта өмір сүреміз деген шағында ұл — қыздарының шетінен айықпас дертке душар болып туылып жатқанына іштей жыларман болады. Осының бәрі Семей полигонының салдарынан деп күдіктенеді.

Подробнее...
X