Ұшқышсыз басқарылатын дрондар жұртты әбігерге салды. Германияда осы құрылғылардың кесірінен Берлиннің Халықаралық әуежайы жұмысын уақытша тоқтатты. Лондон, Манчестер, Хельсинкиден келген рейстер қонатын жер таппай, елдің көрші әуежайларына жіберілген. Ал, АҚШ-тың Огайо штатында жеткіншектер арасында атыс болды. Бесіктен белі шықпай жатып қолына қару алған балалар 9 адамды жер жастандыра жаздады. Барлығы жарақатпен ауруханаға жеткізіліпті.
Подробнее...Новости
ГАЗ ЖАРЫЛЫП КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ ТАС ТАЛҚАНЫ ШЫҚТЫ
Жылыту маусымы бастала салысымен көпқабатты үйде газ жарылды. Тұрғындар жарықты қосып қалған кезде, ойламаған жерден гүрс етіп атылған көгілдір отын қабырғаларды қиратып, терезелерді шашып жіберді. Зардап шегіп аурухунаға түскендер бар. Ал газға жауапты мекеме кінәні жұртқа артып отыр.
Подробнее...ШЫБЫҚ ТЕРІП, КӨМІР ЖАҒЫП ЖҮР
Жамбылдық жұрттың газ десе төбе шашы тік тұрады. Өйткені өңір орталығы – Таразда жүргізушілер бір аптадан бері сұйытылған отын таппай әбігерге түссе, облыстың үштен бірін алып жатқан Мойынқұм ауданындағы халық көгілдір отынды жеті жылдан бері күтіп жүр.
Подробнее...АЛМАТЫДА КРЕМАТОРИЙ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ
Алдағы 10-15 жылда Алматыда адам жерлейтін жер қалмауы мүмкін. Қазір қалада жылына 3000-нан астам адам қара жерге тапсырылады, бірақ жаңа зират ашатын орын жоқ. Сондықтан қабір қазатын жерді үнемдеу үшін еліміздегі алғашқы крематорий ашылғалы жатыр. Ол жерде қауіпті жұқпалы аурудан қайтыс болғандарды өртеп жібермек. Ол үшін марқұмның туыстарынан рұқсат сұрай ма?
Подробнее...ПРЕЗИДЕНТ ҚЫЗЫЛОРДАҒА БАРДЫ
Президенттің жұмыс кестесі қауырт. Кеше ғана Ақордада Суоми елінің басшысын қабылдап, АҚШ-тан келген бір топ делегатпен кездескен мемлекет басшысы бүгін өңір аралауға аттанды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жолы Қызылорда облысына жұмыс сапармен барды. Президент табаны жерге тиісімен, бірқатар нысандарды аралап, аймақтың тыныс-тіршілігімен танысуға кірісіп кетті. Өңірдегі сапар туралы келесі сюжетте толығырақ.
Подробнее...КӨЛІК ЕМЕС, ЖЫЛҚЫ СЫЙЛАСА БОЛАДЫ
Көлік емес, жылқы берсе болады. Футболдан Қазақстан құрамасының қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен бизнесте жүрген ағаларына осылай деді. Жас жігіт Солтүстік Македонияға қарсы ойында бес бірдей қауіпті соққыны қайтарып, командасын жеңілістен сақтап қалып еді. Соған әлдекімдер сый-саяпат бергісі келсе, ат сыйласа болады депті.
Подробнее...ӘКЕСІНІҢ КӨЛІГІН АЙДАП КЕТКЕН ОҚУШЫ ҚАЗА ТАПТЫ
Ақтөбеде әкесінің көлігін рұқсатсыз мініп кеткен оқушы опат болды. 13 жастағы бала автомобильмен ауыл маңында зырғытып жүрген. Кенет көлікті басқара алмай, жол жиегіне ауып кетіпті.
Подробнее...ШЫМКЕНТ ПЕН СҚО-ДА НЕГЕ ГАЗ ТАПШЫ?
Шымкентте тағы автогаз тапшы. Көлігіне құятын отын таппай жүргізушілер қаланы кезіп, сабылып іздеп жүр. Табылған күннің өзінде ұзын-сонар кезекке тұру керек. Кей бекетке жеткізілген автогаз көпке жетпей таусылып қалып жатыр.
Подробнее...КӨРШІЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ДАУ ӨРШІП БАРАДЫ
Алматыда екі көршінің төбелесі сотқа жетті. Болмашы дүниеге керісіп қалған қос азамат бір-бірін оңбай жарақаттаған. Полиция құр әкімшілік жазамен істі жауып та тастапты. Бірақ, таяқ жеген ер адам бір айдан соң сынған жерлерін көрсетіп, арыз жазған. Енді татуласып тұрып істі болған ер азамат әділдік іздеп жүр.
Подробнее...ЖЫЛҚЫ ҮЙІРІМЕН, СИЫР ТАБЫНЫМЕН ЖОҒАЛУДА
Алматыда барымташыларды полиция бүркемелеп отыр. Есік алдында төрт түлік ұстайтын жергілікті жұрт осылай деп тәртіп сақшыларына өкпелеп жүр. Бұрындары бірлі-екілі мал жоғалса, қазір қарақшылардың есіргені соншалықты, қырдағы жылқыны үйірімен, сайдағы сиырды табынымен айдап әкететін болыпты. Тіпті, қорада тұрған қойды да қоймай бара жатқан көрінеді.
Подробнее...






