2:05 Тікелей эфир «АЙНА» бағдарламасы
2:30 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

COVID-19-ды анықтайтын тест жедел жәрдем көліктерінде жасалады

Осы қиын-қыстау кезеңде тағайындалған су жаңа Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгін алғаш брифинг өткізді. Жиында еліміздің бас дәрігері, коронавируспен алдағы уақытта қалай күресетінін мәлімдеді. Енді, бұдан былай науқасқа COVID-19 инфекциясын анықтайтын тест жедел жәрдем көлігінде жасалатын болады. Ол үшін, жедел жәрдем бригадасына қажетті материалдар беріледі. Айта кету керек, алдағы уақытта 1,2 млн тест сатып алу жоспарланып отыр. Сол мақсатта бюджеттен 1 млрд теңге бөлініпті.

X