10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

COVID-19: елдегі эпидахуал

Елімізде өткен тәулікте 712 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Ал, 33 тұрғынға COVID-19 белгілері бар пневмония диагнозы қойылған. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, қазір тәж вирусынан республика бойынша 14096 адам ем алып жатыр екен. Оның мыңнан астамы бала. Ал, 39 науқас жан сақтау бөлімінде. Сонымен қатар, вирустың ушығуына байланысты СҚО-ның 4 ауылы карантинге жабылды. Бұған дейін шектеу шаралары енгізілген Есіл ауданына қарасты Явленка және Ясновка ауылдарында қайта блок бекеттер орнатылса, Жұмабаев ауданындағы Таманское мен Успенка елдімекендеріне алғаш рет шектеу қойылды. Ал, «жасыл аймаққа» жататын Ақтөбенің өзінде жедел жәрдем станциясына күніне 700-ден астам қоңырау келіп түседі екен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

РҮСТЕМ ИСАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
«Жедел жәрдемді тәулігіне 741 адам шақырады. 702 адамды скорый барып тексерген. ОРВИ-мен 60 адам, ауруханаға алып келгендердің саны төртеу. Пневмониямен 7 науқас. Соның 5 адам аурухнаға жатқызылды. КВИ-мен 6 адам, олар карантинде үйлерінде жатыр».

Сондай-ақ, бүгін еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың коронавирустың өршуіне байланысты тағы бір қаулысы шықты. Жаңа құжат бойынша, енді жүкті келіншектер босанғанда қатысатын  серіктесінің тапсырғанына үш күн болмаған ПТР анықтамасы болуы шарт. Бұл өзгерістер елімізге әуе, темір жол, теңіз, өзен арқылы транзитпен келетін шетелдік азаматтарға да қатысты. Олардың да қолдарында COVID-19 инфекциясын жоққа шығаратын құжат болуы қажет. Қаулы түнгі сағат 12-ден бастап күшіне енеді.

X