9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Дәмханадағы жойқын жарылыстан 52 жастағы ыдыс жуушы әйел көз жұмды

Демалыс күндері елордалықтардың зәресін ұшырған жойқын жарылыс себебі әлі анықталуда. Ал, апат кезінде көз жұмған марқұмның жақындарына тиісті көмек беріледі.  Бүгін қала әкімдігі бақилық болған әйелдің күйеуімен кездесіп қайтты.   Үйінді астында қалып қойған  келіншек 1968 жылғы азаматша екен.  Ал кафе иесіне қатысты полицейлер қылмыстық іс қозғапты. Жарылыстан жалпы саны 34 адам зардап шеккен.  Оның үшеуі жансақтау бөлімінде  жатыр.  Ал қалған жандардың жағдайы қалай? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бір адамның өмірін жалмап, кафені әп-сәтті күлге айналдырған жарылыс сенбі күні түскі сағат он екілер шамасында болған. Дәмхана ішіндегі 35 газ балонының біреуі ғана жарылыпты. Әйтпесе, не боларын ойлаудың өзі қорқынышты.

ЖАНАР ЕРМАҒАНБЕТОВА, КУӘГЕР:
«Я испугалась, потому что затресло дома все. Сильно. И начали все соседи выбигать.  Мой отец был дома, он говорит кажется что-то взорвалось»

Жойқын жарылыс болған дәмхананың қазіргі сиқы осындай. Құрылыс материалдары жан-жаққа шашылып, терезенің сынықтары жол бетіне дейін ұшып кеткен. Арнайы мамандар бұл маңды үш күннен бері тазалап жатыр. Ал осы жерде бұрын тамақтану орны болғанын шашылып жатқан дәмдеуіштер мен мына шампурлар ғана еске салатындай».

Жарылыстан жалпы саны 34 адам зардап шеккен екен. Үшеуінің жағдайы өте ауыр.  Қалғандарының өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, дейді мамандар.

ӘЙГЕРІМ АРДАҚҚЫЗЫ, ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ
«Пациенттердің көбісі түрлі дәрежедегі термиялық күйіктермен, орта дәріжедегі газбен улану және политравмамен емделуге жатқызылды. Бір науқас травматология бөлімшесіне жабық жамбыс сынығымен, ал қалғандары №1 көпбейінді ауруханаға жатқызылды»

Төтенше жағдай мамандарының мәліметінше  өрт 20 метр шаршы аумақты шарпыған.   Қазір қызыл жалынның шығу себептері анықталып жатыр.

ТАЛҒАТ УӘЛИ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
«Оқиға орнына 10 шақты құтқару көліктері, полиция қызметкерлері, медицина, өрт сөндірушілер бар, 100 адам жұмыс жасап жатыр. өрт туралы хабар 12:25-те келген, толығымен жарты сағатта ауыздықталды»

Оқиға орнында көз жұмған 52 жастағы әйел осы кафеде ыдыс жуушы болып жұмыс істеген екен.   Қазір қала әкімдігі жанынан арнайы штаб құрылып, марқұмның жақындары мен зардап шеккендердің әрқайсысына тиісті көмек берілмек.

БАХТИЯР МӘКЕН, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Қала әкімі арнайы штаб жасап, сол штабқа тапсырма берген болатын. Тиісті көмек берілетін болады әрқайсыларына. Жеке-жеке. Қазір біз талдау жүргізіп жатырмыз. ІІД бірлесіп, қазір тиісті тапсырма берілген болатын.»

Аталған оқиға бойынша, Қылмыстық кодекстің «абайсызда адам өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабы бойынша тергеу басталған. Бұл іс полиция департаменті басшылығының бақылауында.

ЖАНАР ЕРМАҒАНБЕТОВА, КУӘГЕР:
«У нас 2013 году тоже было такое проишествие. У меня сестренка погибла в пожаре. Единственное чтобы все соблюдали пожарную безопасность.»

X