10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Дәретханалар мен жуынатын бөлмелерді камерадан қарап отырған

«Дәретханалар мен қыздардың жуынатын бөлмелеріне камера орнатып, үлкен экраннан бәрін көріп отырған!» Павлодар облысының прокуратурасы балаларды қолдау орталығындағы сұмдық жағдайдың бетін ашты. Мекеме басшысы Асхат Қоқымбаевтың айтуынша, бақылау камералары орталықтың бұрыш-бұрышына облыстық білім басқармасының тапсырмасымен орнатылған екен. Алайда, шаш ал десе бас алатын орындаушылар дәретхана мен қыздар жуынатын бөлмені де ұмыт қалдырмапты. Бұл орталықта кәмелет жасқа толмаған қыз балалардың да барын ескеріп, прокуратура қызметкерлері әлеуметтік орталық басшылығын балалардың құқығын өрескел бұзды деп айыптады.

X