6:00 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
8:20 Эфирде әрі қарай «П@УТINA» бағдарламасы

Дәрігерлер 560 мың, мұғалімдер 330 мың жалақы алатын болады

Алдағы 3-4 жылда дәрігерлердің жалақысы 560 мыңға, ал мұғалімдердің ай сайынғы табысы 330 мың теңгеге дейін өседі. Үш аусымды мектептер толығымен жойылып, 800 жаңа білім ордасы салынады. Облыс орталықтарында жаңа ауруханалар бой көтеріп, Алматы мен Елордада заманауи ииновациялық емхана ашылады. Үлескерлердің түйткілі толығымен шешіліп, ауыл-аймақтар сумен, жолмен, озық ғаламтормен қамтылады. Ал ауылдықтар толығымен жұмыспен қамтылады. Бұл фантастика немесе жаманның сандырағы емес, мүйізі қарағайдай Үкімет басшысы Асқар Маминнің айтқан сөзі. Министрлер кабинеті Мәжіліс депутаттарына «Nur Otan» партиясының сайлауалды уәделерінің бәрі топтастырылған құжатты таныстырды. Сонымен. алдағы 4 жылда қазақстандықтардың жағдайы қалай өзгереді? Жұрттың жағдайын жақсартуға бағытталған істер шынымен орындала ма?

X