Дәрігерлерде азық-түлік алуға ақша жоқ
30 декабря 2021
Адам өміріне араша түсетін ақ халаттылар айлығын ала алмай, арнамызға арызданды. Шалғай ауданнан емес, елордадағы маңызды медицина мекемесінің қызметкерлері жүгінді. Мамандар жыл аяғында азық-түлікке ақша таба алмай қалғандарын ашық айтты. Қалалық фтизио-пульмонология орталығының үш жүзге жуық мейірбикесі мен санитарлары қазан айынан бері жалақыларын жарытып ала алмай жүр екен. Десек те, бұл мәселені барлығы ашық айта алмайды. Себебі басшылық тарапынан қудалау болады деп қорқады. «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі қиын жағдайға тап болған тарапты тыңдап қайтты.