Дәрігерлерге 850 мың теңгеге дейін үстемақы төленеді

Елімізде Covid-19 инфекциясын жұқтырғандардың саны 294-ке жетті. Аурулардың саны бойынша антирекорд Нұр-Сұлтан қаласында. Мұнда 167 науқас тіркелген. Ал, бір сағат бұрын ғана ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жайсыз хабарларды жақсы жаңалықпен үзді. Күн-түн демей індетпен күресіп жатқан медицина қызметкерлерінің айлығына қаржы қосылады. Мемлекет басшысының жарлығымен дәрігерлерге 3 санатпен үстемақы төленетін болды. Қалтқысыз қызметтің қайтарымы ретінде ақ халаттылар айына 1 млн теңгеден асырып жалақы алады. Сыйақы көлемі 212 мың мен 850 мыңның арасы.

X