8:20 Тікелей эфир «П@УТINA» бағдарламасы
9:15 Эфирде әрі қарай «ВОСКРЕСНЫЕ БЕСЕДЫ»

Дәріні бірнеше есе қымбатқа сатқандар жаппай ұсталуда

«Жау жағадан алғанда, бөрі етекке жармасады» деуші ме еді? Коронавирус кәріні де, жасты да жығып жатқанда, дәріні қаптап алып, қымбатқа сатушылар көбейіп кетті. Елдің жартысы пневмониядан дауа таппай, дәріханалардың алдында қонып жатса, ардан безген алып-сатарлар ақшаны шытырлатып санап жатыр. Көлігінің жүксалғышымен құны миллионнан асып жығылатын антибиотиктерді алып жүрген де, үйінен жасырын аптека ашып алған да өзіңнің қазағың. Кемедегінің жаны бір екенін жадынан шығарғандармен күрес, кеш те болса, басталды. Бір тәулікте құлқынының қамын күйлеген 46 қу қолға түсті.

X