ДАМБЫНЫ САТЫП ЖІБЕРДІ
13 марта 2025
Алматы облысында тұтас бір ауыл суға кетуі мүмкін. Өйткені, елдімекендегі жалғыз дамбыны әкімдік кәсіпкерге сатып жіберген. Ал олар құрылыс бастап қойыпты. Енді алты мың тұрғын жанын шүберекке түйіп отыр. Мемлекет меншігіндегі аумақты сатқан шенділер бір күні өзімізді сатып жіберер деп ашулы.