Семейдегі күрделі жөндеуіне 780 миллион теңге бөлінген перинаталдық орталық ғимараты әлі күнге қолданысқа берілмеген. 26 қазанда барлық жұмыстар аяқталуы керек болған. Алайда құрылыс компаниясы берген уәдесінде тұрмаған. Облыс басшысы шаһарға жұмыс сапары барысында жөндеу жасап жатқандарды сынға алып, сотқа беретіндерін жеткізді. Қомақты қаражат құйылған нысандар қашан халық игілігіне жұмыс істейді?
Даниал Aхметов құрылысты аяқтамаған компанияны сотқа бермекші
Дата: 29.09.2020