14:30 Тікелей эфир «QOSLIKE» бағдарламасы
18:30 Эфирде әрі қарай «БАСТЫ ЖАҢАЛЫҚТАР»

Дариға Назарбаева ерекше балалардың жағдайымен танысты

Оралда былтыр «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылған еді. Содан бері мұнда туабітті сал ауруына шалдыққан 223 бала ем алыпты. Нәтиже жаман емес. Бұрын мүлде аттап көрмеген 10 бүлдіршіннің тұсауы кесілген. Ал екі мектептегі инклюзивті класта 18 ерекше бала өзге оқушылармен тең дәрежеде білім алып жүр. Бұл жобалар Нұрсұлтан Назарбаев қорының бастамасымен жүзеге асуда. Қор директоры Дариға Назарбаева Батыс Қазақстан облысында болып, өңірдегі ілкімді істермен танысты. Ерденбек Жылқайдарұлы толығырақ.

X