ДДСҰ: омикрон коронавирустың соңғы штаммы емес
24 января 2022
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдерін карантиндік шектеулер қоймауға шақырып отыр. Себебі экономика мен халықтың әл ауқаты кезекті соққыға шыдас бермейді. Ал әуел баста ешкім онша елемеген Омикрон біртіндеп өз дегеніне көндіріп жатыр. Жаңа штамм әлемнің 120 дан астам еліне тарап үлгерген. Дерт жұқтырып, ем алып жатқандардың арасында әріптесім Айғаным Достанбай да бар. Айғаным, қайырлы кеш! Қыпшақтың ішінде Елке екеніңді білемін, Ковидтың ішінде қайсысысың?