18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Денис Теннің ісі бойынша сотталған әйел колониядан босатылды

Әйгілі мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты сотталған Жанар Толыбаева колониядан босатылды. Бұл туралы ЕуразияАлматы облысы Іле аудандық соты оның өтінішін қанағатандырып, жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстырған. Айта кетейік, 2019 жылдың 17 қаңтарында Жанар Толыбаева 4 жылға сотталған болатын. Сол жылдың наурыз айында ол Алматы колониясында босанды. Еске салайық, 2018 жылдың 19 шілдесінде мәнерлеп сырғанаушы, Денис Тен көлік ұрылары салған пышақ жарақатынан көп қан жоғалтып, сол күні ауруханада көз жұмды. Теннің өліміне қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталған болатын.

X