Депутаттар қаржы үнемдеуге көшкен
10 декабря 2021
Ақ көйлек киген, көк көйлек киген депутаттар да бар. Алайда, аспандағы айлықты алатын атқамінерлердің өзі қазір ас-пұлдан бөлек, киім-кешекке кететін қаржыны қысыңқырап жұмсап жүргенге ұқсайды. Жалақысы миллионнан асып жығылатын ақ жағалылар брендтік киімдерден толықтай бас тартқанын айтады. Шенеуніктер түскі астарын да ерінбей үйіне барып ішіп келетін болыпты. Ал, айлығы шайлығынан артылмайтын қарапайым халық тапқан-таянғанын қалай жеткізеді, қалай үнемдейді? Дүние қуған заманның есеп-қисабы туралы тілшіміз келесі сюжетте тереңірек қаузап көруге тырысты.







