9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Депутаттар вирусқа қарамай, жұмысты жалғастырды

Вирусқа қарамастан жұмысымызды жалғастырамыз! Мәжілісмендер бүгін әдеттегідей Үкімет сағатын өткізді. Біразы сақтықта қорлық жоқ деп, маска киіп келсе, өзгесі, әріптестеріме сенемін дегендей, ашық жүр. Қазір төменгі палата ғимаратына кіретіндердің дене қызуы өлшенетін болыпты. Қол алысуға да шектеу қойылса керек. Дегенмен дауласып қалған депутаттар ештеңеге қарамай қол қысуға әзірміз дейді. Дауласқаны қайсы?

X