0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Диқаншылар жанайқайы: көкөніске де көмір керек

Елімізде алдағы бірер айда көкөніс қымбаттауы мүмкін. Өйткені Қазақстанды қияр мен қызанақпен қамтамасыз етіп отырған түркістандық диқандар банкрот болудың сәл-ақ алдында тұр. Бұған себеп көмірдің жоқтығы. Түркістан облысында жылыжайда жер емген жандар жуық арада қатты отын таппаса, жыл бойғы еңбектері еш кетуі мүмкін. Екі сағат от жанбаса, температура минус болып, 100 тонна көкөніс ештеңеге жарамай, су болып ағады. Сондықтан диқаншылар жанұшыра көмір іздеп әлек. Ал, жер-жерді аралап тапқан көмірдің құны удай қымбат. Шығынға шаш етектен батқан шаруалар шырылы тілшіміздің келесі сюжетінде.

X