Әділетсіздікпен әлек болуы тиіс полицей тұрғындардың малын қайтармай жүр
8 февраля 2022
Қылмысқа қарсы тұрып, әділетсіздікпен әлек болуы тиіс полицей тұрғындардың малын қайтармай жүр. Осылай деген бір топ жан арнамызға арызданды. Айтуларынша, шаруа қожалығына аманатталған ірі қаралары аяқ астынан жоғалып, кейбірінің жылқылары әлі жайылымда жүрген көрінеді. Бірақ қожалықтың қожайыны өзіне табысталған түліктің ақшасын да өтемей, жұрттың тірі жүрген малын кері қайтарудан бас тартқан. Құзырлы органдар қол қусырып, жұмған ауыздарын ашпайтын көрінеді. Жоғалған сиыр мен жылқының жайын Ерденбек Жылқайдарұлы айтсын.