Дипломаттың жесірі Тоқаевтан көмек сұрады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Бас прокурор және Ішкі істер министрінің назарына! Египетте көз жұмған дипломат Еламан Жолдасовтың жесірі, қазақ билігінен көмек сұрап бейнеүндеу жолдады. Жанайқайын желі арқылы жеткізген Айнұр Молдабаева, күйеуінің өліміне «елшіліктен алған қомақты қаражат себеп болуы мүмкін» деген сенсациялық мәлімдеме жасады. Сондай-ақ, марқұмның денесіндегі азаптау белгілерін өз көзімен көргендігінде ашық айтып отыр. Ал, Сыртқы істер министрі елшіге қастандық жасалуы мүмкін деген ақпаратты кеше ғана жоққа шығарған болатын.

X