Домбыраны шетелге танытқан қазақ
25 января 2022
Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра! Ал әлемнің әр қиырындағы қандастардың қолынан домбыра күмбірі естіліп жатса, бұл рухани байланыстың көрінісі. Осындай келелі істердің басы-қасынан табылып жатқан азаматтар бар. Тіпті Америка Құрама Штаттарында тұратын қазақ балаларға домбыра үйрету үшін аспаптарын арқалап аттанып та кетті күні кеше. Тілшіміз Мұхтар Өміртай, қазақ мәдениетінің жанашыры жолға шықпай тұрып сұқбаттасып қайтқан еді.