18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Досына алданып, баспанасынан айрылған отбасы көлікте «тұрып» жатыр

Киноға бергісіз сценарий! Көкшетаулық Қадыровтар төрт айдан бері көліктерінде күнелтуге мәжбүр.  Өзге емес, өз достары алдап, жалғыз баспанасын тартып алған екен.  Енді үй-күйі жоқ әке жарымжан ұлымен темір тұлпарда жан бағып,  өлместің күйін кешіп жүр.   Ал қиындыққа шыдамаған келіншегі күйеуі мен баласын тастап кетіпті. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Баспанасын банк тартып алған мына азамат та жарымжан ұлымен төрт айдан бері көлігінде күнелтіп келеді.   Бәріне  кезіндегі аңғалдығы себеп.

ЭСХАЖИ ҚАДЫРОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Досым көмекті жылап тұрып сұраған соң сендім. Алдамаймын, уәде беремін деп көндірді.  Оған үлкен сомма қажет болды. Қолымда мұндай қаражат әрине болмады. Сөйтіп, үйіңді кепілге қойып, банктен несие алайық деді. Мейлі деп, оған да көндім. Алайда рұқсатымды алғаны сол еді, қажетті құжаттарды иемденіп алған соң, үйімді өзінің туысқанының атына аударып, ізім-ғайым жоғалып кетті»

Бұл 15 жыл бұрынғы оқиға. Одан  бері әлгі достарын әлі көрмеді.  Дегенмен бәрі ұмыт қалды ма дегенде…

ЭСХАЖИ ҚАДЫРОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«1 июля без предупреждения у меня пневмония 70-80 процентов паражения легких было двухстороняя. Даже в законе указано что если если болеет отсрочить, если даже было бы ве ровно. Нас выкинули».

Сөйтсе, осыған дейін несиенің бірде-бір тиыны төленбепті. Салдарынан кепілде тұрған үйді банк қызметкерлері тартып алған. Ал, айдың-күннің аманында далада қалған Қадыровтар отбасы әуелі орманды паналап, кейін күн суытқасын, көлікте тұрамыз деп шешкен.  Ал отанасы басына түскен қиындықтарға шыдамай, күйеуі мен баласын тастап кеткен екен.

РАСУЛ ҚАДЫРОВ, ЭСХАЖИ ҚАДЫРОВТЫҢ ҰЛЫ
«Где то так у знакомых оставит, сам таксует уезжает. Потом приедит за мной заберет. И так дальше в машине живем».

Иә, ал әкесінің тапқан-таянғаны баласының дәрісінен, күнделікті азығынан артылмайды.  Әділдікті іздеп Ішкі істер министріне, тіпті Президентке дейін хат жазған . Кейін анықталғандай, алаяқ достары Алматыда қамауға алыныпты. Олар тура осындай амалмен біреуді алдап тұрған сәтінде полицейлердің қолына түскен екен. Дегенмен, тергеудің  нақты қанша уақытқа созылары белгісіз.  Ал алда қыс келе жатыр…

X