20:00 Тікелей эфир «АНАЛИТИКА»
20:45 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «РЕЦЕПТ ЛЮБВИ»

Еқыұ-ның Астанада өткен саммитіне 10 жыл толады

Биыл Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы саммитіне 10 жыл толмақ. Кәрі құрлықтың саяси, экономика, экология, әскери мәселелерін көтерген отырысқа сол кезде ұйымға мүше елдердің барлық басшылары, 600 халықаралық маман, 1500 журналист келген еді. Тәуелсіздік алғады бері ауқымды деңгейдегі саяси шараның елімізде өтуіне Нұрсұлтан Назарбаевтың да беделі мен ұсыныстары себеп болды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«2010 жылдың 1-2 желтоқсанында сол кездегі Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының самитті өтті. Алдағы аптада 10 жыл толады. Біздің ойымызша, қазақстандықтар сол самиттің қалай өткені, не мәселе көтергенін ұмытқанда шығар. Бірақ Елорда іргесіндегі Талапкер ауылы маңында ОБСЕ, яғни Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының естелігі ретінде аудан бар. Оған, міне мынандай арнайы көше де берілген».

Жергілікті тұрғындар Талапкердің бір бөлігі саналатын ОБСЕ ауданы атауын өзіміз бердік дейді.

«ОБСЕ деген заңды емес негізі. Талапкер, негізі. Халықтың қойған аты ғой. ОБСЕ-нің уақытында құрылған жер ғой. Тұрып жатырмыз, нормально».

«Менің ОБСЕ-де тұрып жатқаныма көп болған жоқ, екі жылдай болып қалды. Екі жылдың ішінде көптеген дүние өзгерді. Жол салып берді. Келесі су да келеді деп жатыр. Әзірге су жоқ, тасып жүрміз».

Жә, бұл бүгінгі уақыттың мәселесі. Ал, енді 10 жылға кері қайтсақ. 2009 жылдың 30-шы қарашасы. Қазіргі Нұр-Сұлтанның Астана кезі. Испанияның Мадридінде біздің ел Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының самиттін өткізуге өтініш беріп, жеңген сәті. Кейінен ұйымға мүше 56 елдің басшылары, халықаралық сарапшылар, журналистер ағылды.

МАДИНА БЕКТЕНОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ
«Осы самиттің нәтижесінде «Қауіпсіздік қауымдастығына апарар жолда» Астаналық декларациясы қабылданды. Бұл ұйым алдындағы қауіп-қатерді айқындайтын кең ауқымды құжат болып табылатынын ескеру керек. Тағы бір ескерелік жағдай, алғаш рет Еуро-Атлантикалық және Еуразиялық қауіпсіздігі деген бектілген болатын».

Халықаралық саясаттанушылар 1992 жылдан бері ұйымға мүше болған Қазақстанға мұндай мүмкіндік Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдегі беделі үшін берілді деп жазды.  Айтпақшы, Елбасы осы саяси ұжымның отырысын Астанада өткізуді де өзі ұсынған еді. Тұңғыш Президент Таяу Шығыстағы шиеленісті де шешуге сеп болды. Сөйтіп, 2017 жылдың қаңтарында Сирия қақтығысын реттейтін «Астана процесі» басталды.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
«Сириядағы қақтығыс бүкіл әлемнің назарында. Бұл барлығымыз үшін үлкен мәселе. Көптеген мерт болғандар, босқындар бар. Өкінішке қарай, өты қиын жағдай. Қазақстан халықаралық үлкен мәселелердің шешіліуіне атсалысып келеді. Сондықтан Астанада Сириядағы қақтығысты шешу үшін арнайы алаңды бердік».

МАДИНА БЕКТЕНОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
«Астана алаңында 2017-2019-шы жылдар арасында 14 раунд келіссөздер өткізліп, Сириядағы шиеліністің және соғыс әрекеттерін тоқтатуына өз үлесін қосты. Тек Сирия емес, біз білеміз Украинадағы шиеленіске де Әзірбайжан мен Армения шиеленісі де үлесін қосқан мемлекетпіз».

Еліміз сол жылы тағы бір ауқымды жобаны қолға алды. Әңгіме «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесі төңірегінде. «Болашақтың қуаты» атты әлемдік шараның елімізде өтуін де Нұрсұлтан Назарбаев қолдады.

ҚАЗЫБЕК МАЙГЕЛДИНОВ, САЯСАТТАНУШЫ:
«Бұл дүниежүзілік көрменің имиджік жағынан қосқан үлесі өте көп. Қазақстан сондай-ақ жасыл экономика бағытын қолдаушы мемлекеттердің бірі. Осы тұрғыда Қазақстанға үлесі зор. Сонымен қатар, жаңа технологиялардың келуіне маңызды бөлігі болып табылады».

Жоғарыда атаған іс-шаралар Қазақстанды жаһан жұртына жаңа қырдан танытты. Әсіресе, саяси және экономикалық, инновациялық өзгерістер әкелді. Еліміз қазірге кезде қауіпсіздік, сауда, мәдени, спорт аясында түрлі бастамалары да баршылық.

X