Екі жыл орындалмаған Елбасы тапсырмасы
29 сентября 2021
Батыс Қазақстан облысының шалғайдағы Бөкей Ордасы, Жәнібек аудандарына соңғы аптада қатынас қиындап кетті. Толассыз жауған жаңбырдан жолдың ми батпағы шығып, көліктер далада қалған. Ал Елбасы тапсырмасымен осыдан екі жыл бұрын басталған Казталов-Жәнібек және Өнеге-Бисен-Сайқын трассаларының құрылысы көптің көңілінен шықпай тұр. «Мына қарқынмен таяу 10 жылда да жолдың жырына нүкте қойылмас», — дейді жергілікті жұртшылық. Осы өңірден әріптесім Ерденбек Жылқайдарұлы әңгімелейді.