ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫНА КӨҢІЛ БӨЛІНБЕК
4 марта 2025
Қосымша құн салығы көтеріледі деп елді бір бөріктіріп қойған Үкімет, биыл экономика мен бизнесті қолдауға 8 трлн теңге қаржы бөлетін болды. Бұл туралы салаға жауапты министр Серік Жұманғарин мәлімдеді. Сондай-ақ, елімізде жол инфрақұрылымын қалпына келтіру үшін арнайы ауқымды жобалар іске қосылмақ. Тұрғын үй секторлары мен құрылыс салаларына да тиісті көңіл бөлінетін сияқты.







