9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Екпе алған-алмағаныңызды QR-код анықтайды

Қазақстандықтардың екпе алған-алмағанын QR-код анықтайтын болады. Денсаулық сақтау министрі бүгін осылай деді. Алексей Цойдың пайымынша, бұл бастама еліміздегі коронавирустың таралу статистикасын нақты білуге мүмкіндік бермек. Адамның індетті жұқтырғанын көрсететін QR-кодты отандық қос мобилдік бағдарлама сканерлейтін болады. Бүгінде олардың біреуі іске қосылған. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

АЛЕКСЕЙ ЦОЙ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
«Жеке иммундық мәртебесі туралы ақпараты бар QR-кодтарды енгізу үшін «e-govМobile» отандық мобильдік қосымшасын қосу жоспарланған, ол «Ashyk» медициналық қосымшасымен біріктірілген. Онда медициналық ақпараттық жүйелерден азаматтар бойынша, оның ішінде QR-код арқылы тексеруге ұсыну үшін КВИ-ға қарсы вакцинациядан өткені туралы деректер де жинақталады».

Ірі платформалардан жүктеуге болатын аталмыш мобилдік бағдарлама жайын кеше Цифрлық даму министрлігі де хабарлаған болатын. Бірақ бұл медициналық қосымша қазақстандықтардың біріне ұнаса, өзгесінің көңілінен шықпады. Өйткені, біршама қазақстандық қосымшадағы адамдарды төрт түске бөлу мен қоғамдық орындарға тек QR-кодпен кіру ережесіне қарсы екендіктерін білдірді.

X