9:25 Тікелей эфир «ПРОУЮТ»
10:25 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»

Екпені ерікті түрде алдың ба?

Биыл қазан айында елімізде ұлттық халық санағы өтеді. Қазақстандықтарды түгендейтін іс-шарада санақ жүргізушілер цифрлық технологияларды қолданып, процесс автоматтандырылады.
Бұл туралы Үкімет отырысында еліміздің Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді. Ол сондай-ақ ел тұрғындары туралы дерек жинау екі жолмен жүргізілетінін де айтты. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

ҚАЙРАТ КЕЛІМБЕТОВ, ҚР СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ РЕФОРМАЛАР АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
«Бірінші әдіс «sanaq.gov.kz» сайтында интернет сауалнама жүргізу. Ол виртуал көмекші арқылы, қай жерде отырғанына қарамастан, өзі және отбасы жайлы санақ парағын толтыруға мүмкіндік береді. Екіншісі қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып, дәстүрлі аралау. Бұл онлайн режимде санақтан өтпеген респонденттер арасында жүргізіледі. Тағы бір жаңалық үй-үйді аралағаннан кейін мәліметтер планшетке жүктеледі және жергілікті мектептерге беріледі. Мұндай санақ 1-30 қазан аралығында жүргізіледі».

Сондай-ақ, Үкіметтегі жиында қазақстандықтарға жылдық ставкасы 6 пайыздан аспайтын шағын несие берілетіні айтылды. Ол туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Үкіметте мәлімдеді. Ведомство басшысының сөзінше, әзірге бұл бастама төңірегінде мемлекеттік органдар өзара келісімдер жүргізуде.

СЕРІК ШӘПКЕНОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ
«Бұл ретте жергілікті атқарушы органдармен және «Атамекенмен» тұрақты негізде қарыз алушылардың жобаларын сүйемелдеу және тұрғындарға микрокредит беру бойынша микроқаржы ұйымдарына мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар министрлікпен жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі жаңа тәсілдер мен тетіктерді қарастыра отырып, 2022-2026 жылдарға арналған «Еңбек» ұлттық жобасы әзірленеді».

X