Алматыдағы Алатау ауданының экс-әкімі қамауға алынды. Әлеуметтік желіде шенеунікті ұстау кезіндегі видео тарауда. Жемқорлыққа қарсы агенттіктің хабарлауынша «аудан басшысы мен оның орынбасары бюджет қаржысын талан-таражға салды» деген күдікке ілінген. Бұл қаражат «аймақтарды дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген екен. Сондай-ақ әкімнің орынбасары «мердігер ұйымға қамқорлық көрсеткені үшін пара алды» деп айыпталып отыр. Қазір күдіктілер уақытша қамау изоляторына қамалған. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Соттың мәліметінше күдікке ілінген шенеуніктің есімі Шахмерден Рыспаев.
Экс-әкім қамауға алынды
Дата: 20.01.2020